«Балалар ортасындағы бұзақылық, психикалық күйзелістерге әкелетін оқушылардың өміріндегі елеулі өзгерістер» » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар ортасындағы бұзақылық, психикалық күйзелістерге әкелетін оқушылардың өміріндегі елеулі өзгерістер»
25
декабрь
2023

«Балалар ортасындағы бұзақылық, психикалық күйзелістерге әкелетін оқушылардың өміріндегі елеулі өзгерістер»

Ата-аналар жиналысы

Қатысқандар: 25                                                 Күні: 25.12.2023 жыл

«Балалар ортасындағы бұзақылық, психикалық күйзелістерге әкелетін оқушылардың өміріндегі елеулі өзгерістер»

     Міндеті:

     1.  Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлерімен  таныстыру;

     2.  Ата-аналардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.

     3. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту. 

     В.А.Сухомлинский: «Өз балаларыңызды  сүйе отырып,  оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз – қартайған шағыңызда көз жасыңызды  төгесіз»  

     «Отбасы тәрбиесінің  ерекшеліктері»

    Мақсаты: ата-аналарды  бала тұлғасының  қалыптасуындағы  психологиялық - педагогикалық  құзыреттіліктерді  дамыту бойынша  мәліметтендіру.

    Міндеті:

   1.   Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлерімен  таныстыру;

   2.   Ата-аналардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.

   3. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту.

   Бала – ол мәңгілік жол. Адамзат тұқымының  құтқарылуы  дәл

   балаға байланысты. Неліктен?

   Себебі  бала  келешекте өмір сүру қажет.

   Бала  жаны – сарқылмас мол қазына.

   Сіз өз балаңызды  болашақта қалай көресіз? (мінез-құлықтың 

   қандай ерекшеліктерді меңгеруі керек? Сіз қандай  сапаларды қалайсыз?). (Желімқағазының   көмегімен  ата-аналар  жүректерді  үлкен ыдысқа салады).

  - мейірімді,  ақылды,  күшті,  әділ, салауатты, қамқоршыл.....

  - байқап қараңыздаршы,  бала жаны қандай  әдемі,  ашық!

  - Біздің  үлкен ыдысымыз  сынып, жарылып қалмай,  одан әрі қарай  дамыту үшін  сіздің балаңыз  өмір сүретін  отбасыңызда бала өзін тұлға  ретінде  сезіне алатын,  өзінің  маңыздылығын  растай алатын орны болу керек. Отбасы  алғашқы сүйіспеншілік,  түсінушілік,  сенім сабақтарын  қалыптастырады.

              Отбасы мәселесі  барлық уақытта да адамзатты толғандырған.  Әрбір отбасы өз баласын  қалай тәрбиелеуді өзі шешеді.  Бұл мәселе бойынша  бірыңғай  ой жоқ.   Әрбір ересек адам бала өмірінде  маңызды рөл атқарады.  Балалық шақ -  педагогикалық әсер етулерге  бағынатын  кезең. Балалық шақта  тұлға гармониясының  бағыттары, негіздері қалыптасады.

Ата-аналар  үшін міндеттердің  бірі олардың   бала тәрбиесі бойынша міндеттері.  Дәл осы ата-аналарға  баланың  болашақта  қандай     болатыны тәуелді;  мейірімді  немесе жауыз,  бейімделгіш немесе төзімді, шыдамды. Отбасында   осы айтылған  қасиеттер қалыптасады,  бұл қасиеттер  балаға  өмір бойы  Тұлға  болуына ықпал етеді 

-  Сіздер ата-аналар  балаға  махаббат,  жылулық,  қолдау,  түсінушілік,  қамқорлық,  мақтау, мейірім мен  күлкі сыйлай аласыздар.

Бізден бала күтетінді қалай дұрыс беру керек?  Теріс тәрбиені   дұрыс  тәрбиеден қалай ажырату  керек?  Біз тәрбиелейміз,  балаға  пайдалы  іс жасаймыз.  Дегенмен ............. 

Бала тәрбиесінде   біз сіздермен жиі қолданатын  тәрбие стильдерін еске түсіріп  өтейін:  

1. Авторитарлық

2. Демократиялық.

3. Бетімен кетушілік.

4. Қамқоршылық.

5. Хаотикалық. Тәрбие стилінен  басқа да  тәрбие   типтері  мол, осы жерде мен  бала психикасына    кері жағымсыз  әсер ететін    типтерге тоқталғым келеді: Бас тартуға  қажет тәрбие  типтері: 1. « Отбасы кумирі»; 2. «Гиперопека», 3. «Гипоопёка» 4) «Ежовые рукавицы», 5) «Адамгершілік  жауаптылықтың  мөлшерден тыс  болуы», 6) «В культе болезни.».

1. «Отбасы кумирі».

Ø Баланы сүйеміз.

Ø Баланың  кез-келген  тілегі – заң.

Ø Балаға  таң қалады,  әрбір минут сайын   бала бойынан  талант көреді.

Ø Барлық міндеттерден  босатылған.

2. «Гиперопека».

Ø Бала өз ойын  білдіре алмайды,  ересектердің  кеңесіне құлақ асады.

Ø Ата-аналар  балалардың  әрбір қадамын   айтып отырады  және барлық жерде  бақылау жасайды.

Ø Баланың төбесін көкке шығарып,  вундеркинд дайындайды.

Ø Бала  шектен тыс жұмыс басты,  ата-аналарының  үмітін ақтағысы келеді.

Ø Еркінсіз өседі,  қарым-қатынас  жасауда қиыншылықтар пайда болады.

3. «Гипоопека».

Ø Бала өз бетімен.

Ø Өзін керексіз,  артық сезінеді.

Ø Уақыт өте  келе баланың  бар екенін естеріне түсіріп,  көңіл аудара бастайды.

Ø Өзі туралы  өз ойлауға мәжбүр болады,  қызғаншақ болады.

4. «Ежовые рукавицы».

Ø Балаға  бұйрықпен   сөйлейді.

Ø тек қана   бағынушылық  болады

Ø Бала  мейірімділік пен жылулықты  білмейді.

Ø Эмоциональды  тұрғыда    ашушаң,   қарсы  шығады.

5. «Адамгершілік жауаптылық  жоғары»

Ø Баланың  мойнына  көп жүк артылады, оның жасына  сай келмейтін.

Ø Балаға  отбасындағы   кіші балалар мен  қарт адамдарға қамқорлық  көрсету тапсырылады.

- Сіздер ойланып көріңіздер,  осы  тәрбие әдістерінің  қайсысын іздеп қолданасыздар?  Ойланып   тез уақыт ішінде  баламен қарым-қатынас жасау стиліңізге  түзетулер  енгізуге тырысыңыз.  Қазір бала  ылғалдылық пен  жылуды қажет ететін  кішкентай ғана  тұқым болса, ертең ол Сізге оларды құртатын  құрттары бар  жемістер  әкелуі мүмкін.

Құрметті ата-аналар!    Балаңыз сізден нені қалайды?

Ø  Орындалмайтын  уәде бермеңіздер.

Ø Ол үшін оған дос таңдамаңыздар.

Ø Нотация  оқымаңыздар.

Ø Көп ұрыспаңыздар.

Ø Сіздерден тек мені жақсы көрулеріңізді  қалаймын!

  Осы бала жаны  өмір сүретін  ересектер ортасы қандай болу керек?

Осы кезде  Л.Н.Толстойдың « Ата-аналардың  басты қателігі -   олардың  ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге  тырысатындығына» деген қанатты сөздері  еске түседі.

-   Дегенмен  біз барлығымыз  қателесіп жатамыз. Әрбір жанның бойында  бізге  жақсы болу үшін  кедергі жасайтын  жағымсыз  қасиеттер  бар.

- Сондықтан  өзімізді сыртымыздан байқап көрелік.

Қорыта келгенде, «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ». « Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,  «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік».

Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері.

Жеткіншек жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасады.

Бұл жасты неге қиын жас кезеңі деп суреттейді?

Мектепке оқуға қабілетті емес оқушылар орта сыныптарда жиі кездеседі. В.В. Прохоровскийдің зерттеу мәліметтерінің нәтижесі бойынша төменгі сыныпта бұл жағдай 5-8 % көрсеткіште болса, ал жеткіншек кезеңде 18-20 % көрсеткішті көрсетеді.

Жеткіншек жастағы қиыншылықтарды әртүрлі психофизиологиялық және психикалық кемістіктерді жыныстық жетілумен байланыстырады. Организмнің қарқынды дамуының нәтижесінде жеткіншекте қорқыныш сезім, қозушылықтың жоғалауы, депрессия болуы мүмкін. Кейбіреулер дененің жеке бөліктерінің және оның пропорцияларының даму темпінің сәйкес келмеуіне байланысты өздерін қолайсыз сезінеді, ыңғайсыздық білінеді. Бұл кезеңде бақылау жүргізушілер елеулі өзгерістерді ескере отырып, бұл кезеңді суреттеуде « скачок роста», « эндокринный шторм», «гормональная буря » - деген түсініктерді  қолданады.

Жеткіншекке, жыныстық жетілуге байланысты дене және физиологиялық дамуындағы жедел өзгерістердің деңгейі жаңа жан күйзелістерін тудырады.

Осы жастағы оқушылармен нақты практикалық жұмысты жоспарлау, іске асыру үшін, біріншіден, психологтың жұмыстың нақты бағыттарын белгілеу керек.

Жеткіншектің достығы.

Жеткіншектің жеке басының әлеуметтік-моральдық ересектігінің дамуында қарым-қатынастың ерекше түрі – жақын жолдастармен және досымен қарым-қатынас, маңызды роль атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсыбір салада озық кластастарымен қарым - қатынас жасауға ұмтылады. Мұндайда жолдастық қасиеттер, білімділік, қолынан бәрі де келетіндіктер, батылдық, спорттағы жетістіктер, өзін-өзі ұстау мәнері, ересектермен қатынасттардағы дербестік сияқты алуан түрлі жағдайлар тартымды болуы мүмкін.

Балалардың жақындасуы үшін мүдделер мен сүйікті кәсіптердің ұқсастығының, әңгімелесудің тартымдылығының үлкен маңызы бар. Жеткіншек өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Жолдасымен қарым-қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жеткіншек онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қәзір де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шыңдап ден қоюы мүмкін. Сондықтан жолдастарымен қарым-қатынас жасау – жеткіншектердің жаңа мүдделердің пайда болуының қайнар көзі. Біріне-бірі ұнайтын балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға ұмтылып, әрқайсысының айтқанын көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы істей білуді жеткіншектер өте бағалайды.

Өзіне ұнаған құрдасының қасиеттері көбіне жеткіншекті өзіне ұнайтын және жолдастары бағалайтын қасиеттердің өзінде жоқ екенін көріп, ұғынуға мәжбүр етеді. Сол сияқты, тіпті одан да жақсы болсам деген ниет туады. Жолдасы жеткіншекке үлгі болады. Ол оған немесе әншейін еліктейді, немесе өзінде белгілі бір қасиеттерді, мәселен, күш пен батылдық немесе өзін-өзі ұстай  білу, әрқашан уәдесінде тұру т.б. дамыта бастайды.

Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан достық қарым-қатынастарға - өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, бірлесе толғану, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Бір-біріне жан дүниесін, бар сырын жайып салған қарым-қатынас екеуін де байытады, өз жан-дүниесінде болып жатқанның бәрін жақсы түсініп, ұғынуға мүмкіндік береді.

Жеткіншектің  интеллектілік дамуы.

Орта кластарда оқушылар ғылымдардың негіздерін оқып, игеруге кіріседі. Балалардың алдында көлемі зор білімдерді меңгеру жойылады. Игерілуге тиісті материал, бір жағынан, оқу-таным және ойлау қызметінің бұрынғыдан гөрі неғұрлым жоғары дәрежесін талап етіп, ал екінші жағынан, оларды дамытуға бағытталған. Оқушылар математикадағы, физикадағы, химиядағы ғылыми ұғымдар жүйесін, белгілердің ерекше жүйесін меңгеруге, теориялық тұрғыдан пайымдап үйренуге тиіс.

Теориялық ойлаудың өзіне тән қасиеті – гипотетикалық-дедукциялық, яғни гипотезалар құру және оларды тексеру арқылы бір ғана жалпы тиянақтар негізінде пайымдауға қабілеттілік.

Интеллектілік міндеттерді шешуде гипотезаларды пайдалана білу – жеткіншектің болмысқа талдау жасаудағы аса маңызды жетістігі. Болжамдар жасап ойлау – ғылыми пайымдаудың өзіне тән құралы. Ойлауды дамытудың бұл деңгейіне тән ерекшелік абстракциялаудың дамуы ғана емес, сонымен бірге жеткіншек өзінің интеллектілік операцияларына зейін қояды, талдау жасап, баға береді. Сондықтан мұндай ойлау рефлексиялы ойлау деп аталады.

Теориялық ойлау мектеп білімдерін игеруде ғана қалыптасумен шектелмейді. Тұтас алғанда ойлаудың бұл деңгейіне жеткіншектің өз интеллектілік операцияларын ұғынып, оларды басқаруы тән. Бұл процесс басқа психикалық функциялар үшін де тән бола бастайды. Сөйлеуге бақылау мен басшылық жасалады, оның үстіне өзі үшін маңызды кейбір жағдайларда жеткіншектер дұрыс әрі әдемі сөйлеуге ерекше тырысады. Осының бәрі – жеткіншектің дамуындағы бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғандағы жаңа әрі маңызды жетістіктер.

Қабылдау процестерін интеллектілендіру – кез келген оқу материалын, соның ішінде чертеж, схема, сурет сияқты көрнекі материалды да ойлағыдай игерудің қажетті шарты.

Гуманитарлық пәндерді меңгергенде де оқушылар ғылыми ұғымдарды, фактілерді жіктеуді игереді, байланыстар мен себеп-салдар тәуелділіктерін көріп үйренеді, қысқаша сипаттамалар мен кеңінен суреттеулер беруді, қорытындылар жасауды үйренеді

Материалды логикалық өңдей білу көбіне жеткіншектерде өздігінен дамиды. Мұндай іскерліктерді дамыту мұғалімнің арнайы міндеті болуға тиіс, үлгірім, білімнің тереңдігі мен тиянақтылығы ғана емес, жеткіншектің интеллектісі мен қабілеттерінің одан әрі даму мүмкіндігі де осыған байланысты.

Өзіндік сананың дамуы

Жасөспірімдік шақта кезектеліп өзіндік сананыңекі ерекшк формасы пайда болады: ересектік сезімі және «Мен-концепция».

Бала өсіп келе жатыр дегенде ересек адамдар қоғамында өмір сүруге дайындығы туралы айтылады. Әрине жасөспірімге физикалық, психологиялық және әлеуметтік жағынан да шынайы ересектікке әлі алыс. Ол объективті түрде ересек адам өміріне қосыла алмайды, бірақ та оған тырысады және ересектермен бірдей құқықтарға ұмтылады. Жаңа позиция көбіне сыртқы келбетте, манераларда көрініс табады. Жасөспірімнің сыртқы түрі жанұядағы үнемі қақтығыстардың көзі бола алады. Эмоционалдық қауіпсіздік қажеттілігіне жауап беретін топпен бірге болу, одан ерекшеленбеу ниетін психологтар психологиялық қорғаныс механизмі ретінде қарастырады және әлеуметтік мимикрия деп атайды.

Ересек адамдарға еліктеу тек манералармен және сырт киіммен шектелмейді. Еліктеу көңіл көтеру, романтикалық қатынастар сызығы бойынша өтеді. Бұл қатынастардың мазмұнына тәуелсіз «ересек»формасы көшіріледі: кездесулер, хаттар, қала сыртына саяхаттар, дискотекалар және т.б. 

Сонымен қатар ересектіктің сыртқы, объективтік көріністерімен бірге ересектік сезімі де – жасөспірімнің өзіне ересек ретінде қатынасы, өзін белгілі бір мөлшерде ересек адам екендігін сезіну, түсіну пайда болады. Ересектіктің бұл субъективтік жағы төменгі жасөспірімдік жастың (11-13 жас) орталық жаңа қалыптасуы болып табылады. 

Ересектік сезімі өзіндік сананың ерекше формасы болып табылады. Бұл сезімнің қалыптасуының негізгі қайнар көзі жыныстық жетілу болмайды. 

Д.Б.Эльконин ересек сезімімен бірге жасөапірімнің ересектікке тенденциясын  қарастырған. Қоршаған адамдар үн қатпаған жағдайда басқа адамдар алдында ересек болып көріну ниеті жоғарылайды. 

15 жас кезеңінің соңына қарай жасөспірім өзінің өзіндік санасының дамуына тағы бір қадам жасайды. өзін іздеуден кейін, тұлғалық тұрақсыздықтардан кейін «Мен-концепциясы» - өзі туралы, «Мен» образдарының ішара келісілген көзқарастар жүйесі қалыптасады.

Жасөспірім өз санасында құрастыратын «Мен» образдары әр түрлі – олар оның барлық өмір байлығын бейнелейді. Физикалық «Мен» өзінің сыртқы сүйкімділігі туралы, өзінің ақылы туралы әр түрлі саладағы қабілеттері туралы, мінез күші, қарым-қатынасшылдығы, мейірімділігі және басқа да қасиеттері туралы көзқарастары бір-бірімен қосылып, «Мен-концепцияның» үлкен негізін – шынайы «Менді» қалыптастырады.

Өзін, өзінің әртүрлі қасиеттерін тану «Мен-концепциясының» когнитивтік копонентін құруға әкеледі. Онымен тағы екеуі байланысты – бағалауыш және жүріс-тұрыстық. Жасөспірім үшін ол шынында қандай екендігін білу ғана емес, сонымен қатар оның индивидуалды ерекшеліктері қаншалықты маңызды екендігін білу де өте маңызды. Өз қасиеттерін бағалау құрбы-құрдастар және жанұя әсері негізінен қалыптасқан құндылықтар жүйесіне байланысты. Сондықтанда әртүрлі жасөспірімдер сұлулықтың, ұшқыр интеллектінің немесе физикалық күштің болмауын әртүрліше уайымдап, бастан кешіреді. Сонымен бірге өзі туралы көзқарастарына белгілі бір жүріс-тұрыс стилі сәйкес келуі керек.

Шынайы «Менмен» бірге «Мен-концепциясы» өзіне идеалды «Менді» қосады. Өз мүмкіндіктерін жеткіліксіз түрде түсіну және жақындасудың жоғарғы деңгейі кезінде идеалды «Мен» реалды «Меннен» өте қатты өзгешеленуі мүмкін. Сол кездері жасөспіріммен уайымдалынытын идеалды образ бен өзінің шынайы қалпы арасындағы үзіліс агрессивтілік, қырсықтық, өкпешілдік түрінде  көрініс беретін өзіне деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Идеалды образ қол жетерліктей көрінгенде, ол өзін-өзі тәрбиелеуге әкеледі. Жасөспірімдер өздерінің болашақта қандай болатындығын ғана армандамайды, сонымен бірге өздерінде сапалы қасиеттерді дамытуға ұмтылады. Бұл кезде жасөспірімде өзін өзі реттеу дамитындықтан өзін өзі тәрбиелеу мүмкін бола алады.

Ерте жастық шақ шегінде, жасөспірімдік жас соңына қарай өзі туралы көзқарастар тұрақталынады және тұтас жүйені – «Мен-концепцияны» -  қалыптастырады. Кейбір балаларда «Мен-концепциясы»кейінірек, жоғарғы мектеп жасында қалыптасуы мүмкін. Бірақ та кез келген жағдайда өзіндік сананың дамуында бұл маңызды кезең.




«Мен-концепциясының» құрылымы.




















 

«Мен-концепциясы»

 







 

Шынайы «Мен»

 

 

Идеалды «Мен»

 






 

Когнитивтік компонент

 

 

Бағалаушы компонент

 

 

Жүріс-тұрыстық компонент

 












Жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық  құбылыс

Жас өспірімдік және оның шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ  жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Дене күшінің дамуы.

Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу  плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы. Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе алып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң   жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсінектерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліетерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік – эконнмикалық факторлар әсер етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескерту өте маңызды. 

Ересектермен қатынасы

Ең біріншіден ата-аналарымен қатынасы. Ата-аналар әсері шектеліне бастайды, енді олар төменгі мектеп жасындағындай бала өмірінің барлық аймақтарын қарай алмайды. Құрбы-құрдастар пікірі достық қатынастарда, көңіл көтерулермен байланысты, музыкамен, модамен байланысты сұрақтарда аса маңыздырақтау. Алайда жасөспірімнің құндылықтық бағыттануы, оның әлеуметтік проблемаларды түсіну, оқиғалар мен қылықтардың адамгершіліктік бағалануы бұнда негізінен ата-ана позициясына тәуелді болып келеді.

Сонымен қатар жасөспірімдерге жақын ересектерден эмансипацияға ұмтылу тән. Ата-аналарды, олардың қамқорлығы мен махаббатын қажетсіне отырып, жасөспірімдерты дербестікке, өзінділікке үлкен ұмтылыс сезінеді. Екі жақ үшін де бұндай қиын кезде қандай қатынас құрылатындығы негізінен жанұяда қалыптасқан тәрбиелеу стиліне және де ата-аналардың қайта құрылу, яғни өз балаларының ересектік сезімін қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты.

Қарым-қатынасудағы негізгі қиындықтар, қақтығыстар жасөспірімнің оқуына, жүріс-тұрысына, досты таңдауға және т.б. ата-аналық бақылаудан пайда болады. Бақылау әр түрлі болады. Жасөспірімнің дамуы үшін ең жағымсызы бұл авторитарлы тәрбиелеу кезінде қатал, тотальді бақылау және жасөспірімді бос жіберу кезіндегі бақылаудың мүлдем жоқ болуы. 

Жанұялық қатынастарда бақылаудан басқа ата-аналардың нені күтетіндігі, балаға деген қамқорлық, оған берілетін талаптардың кезектестігі не кезектессіздігі және де, әрине, бұл қатынастардың эмоционалдық негізі – махаббат, баланы қабылдау немесе қабылдамауы өте маңызды.





Бостандық 

(Дербестіліктің берілуі)


      алынып тасталынған                                         либеральді


немқұрайлы                                                                          көмектесетін


Дұшпандылық                                                                                        Махаббат


       Талапшыл,       шыдамсыз                                                      қамқоршыл


     Билік құмар,       қатал                                         аса тым қорғау


Бақылау 

Дамудың әлеуметтік жағдайы.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен коғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның сипатына тәуелді. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелдігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазиұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жағыда мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттердің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймай, сапалық тұрғыданда өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады.

Қорытындыда жоғары сынып оқушыларына тән, зейіннің тағы бір ерекшелігі, оның талғамдылығын атап өтеміз.Олардың кейдіреулерінде зейіннің талғамдылығы оқу материалын қабылдай отырып, олардың оның мәнін әр қашан бағалауға тырысуында, оны практикалық маңыздылығы призмасы арқылы қабылдауында көрінеді. Берілген тарау маңызды екенің түсініп, оқушы оны белсенді қабылдайды.Егерде оған материал негізсіз болса, онда ол өзіннің зейінін баяулатады. Дегенмен, зейіннің өзіндік бұл пульсациясы жиі әдеці болмайды.Жоғарғы сынып оқушысы өзінің зейінінің тұрақсыздығына әрқашан өзіне есеп бермейді. Әдетте жоғары сынып оқушысының зейіні практикада сол аймақтан белгілі білімдерді қолдану туралы сөз болғанда  ғана еріксіз сол затқа тоқталады

Оқу қызметін спецификалық ұйымдастыру әсерінен жоғары сынып оқушыларының ойлау қызметіндегі айтарлықтай өзгерістер ақылдылық жұмысы сипатында жүреді. Лекциялар  лабораториялық және т.б. практикалық жұмыстарды өз бетімен орындау сияқты сабақтар бірте-бірте мағынаға ие болып келеді, себебі оқушыға өздігінен оқылып жатқан материалды талдауға тура келеді. Нәтижесінде ойлау неғұрлым белсенді, өзідік және шығармашылық сипат алады.Ойлау қызметі құбылыстың себебін түсіндіруге деген өсіп келе жатқан тенденциямен , жекелеген жағдайлардың растығын немесе жалғандығын дәлелдеумен, аргуметте білумен, терең қорытындылар жасаумен, оқылып жатқанды жүйемен байланыстырудың, неғұрлым жоғары жалпылаулар және абстракциялаумен сипатталады. Ойлаудың критикалық дамуы. Осының бәрі теориялық ойлаудың қалыптасуына және қоғам дамуы мен табиғат заңдарын, қоршаған әлемнің жалпы заңдарын тануға деген қабілетінің алғы шарты болып табылады.

Ойлаудың дамуымен оқушылардың сөйлеу мәдениеті өсіп келеді, өз ойларын дұрыс жеткізе білуі қалыптасады, сөйлеу құрылымы күрделенеді, сөздік қоры байытылады.

Оқытудың аяқ кезінде жоғары сынып оқушысы өздігінен ойлаудың іскерлігін меңгеруі керек,өздігінен ойлау жұмысының техникасы мен  әдістемесін, өздігінен білім алу немесе өздігінен оқудың іскерлігін меңгеру қажет. Қоғамдық жүріс-тұрыстың тәжірибесін бірте-бірте игеру кейін моральды даму, ғылымдардың негіздерін зерделеу, теориялық ойлаудың қалыптасу нәтежесі секілді жоғары сынып оқушыларында әлемдік тану қалыптаса бастайды.

Әлеуметтік және ғылыми-техникалық жағдайларда «профориентация» әлеуметтік дамудың негізгі объектісі болып саналады. Ол жүйелік, комплекстік мінезден құралып, барлық қоғам өмірінде дамиды. Ол мамандықты таңдау жолында үлкен роль атқарады. Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Петровский А.В., Рубинштейн С.А. психологтардың айтуы бойынша азаматтың «личность» дамуы шығармашылықтарда үлкен табыс алады, яғни шығармашылық элементтерге толы адамдардың жұмыс істеу ынтасын қалыптастырады. Барлық шығармашылықтардың, еңбектердің дамуы азаматтылықтың дамуын қалыптастырады. Адамның еңбекке деген көзқарасы үш фактордан құралады: 1) әлеуметтік-экономикалық; 2) техникалық немесе функционалдық; 3) психо-педагогикалық. Белгілі кәсіпке сай мамандықты таңдауда бағалы ориентация көрінеді. Бағалы ориентация - әлеуметтік және индивидуалдық белсенділіктің күрделі білімі.

Кәсіби бағыттың жүргізу процесі екі процестерді байқалады, ол объект пен субъектінің арақатынасын қарастырады. Мұндағы объект – мектеп оқушысы, субъект - әлеуметтік институттар. Жүргізу жүйесі – мамандықты таңдайтын қатысушылар, жүргізілетін -әлеуметтік институттар.

Кәсіби бағыттың негізгі жүргізу принциптері – нақтылық (ғылыми жұмыстарды даярлағанда информация жүргізіледі), оптималдық және эффектілік (экономикалық, әлеуметтік, моральдық жағдайларда қалыптасады), кері байланысты (белгілі бір мәселелерді жүргізуде салыстырылатын байқау), жүйелік (жүйелі түрде объекті мен субъектінің арасын қарау), комплекстік бақылау, иерархистік (бірнеше сатылы жүйеде болады, ол мынадай элементтерге бөлінеді: алдыңғысы соңғысын бақылайды), интеграция (оқушының эмоциялық сферасы), ғылыми, территория-салалы (мемлекеттің бақылауымен жүргізіледі).

Кәсіби бағыттың функциялары:

Әлеуметтік функция – оқушылардың нормасы, бағалы заттары. Экономикалық фнукция – еңбек ресурстары. Психо-педагогикалық – ынтасын бағалау. Медико-физиологиялық функциясы – денсаулығын қарау.

«Азамат» деген терминді есеймеген бала үшін қолданылмайды, себебі терминді есеймеген бала үшінқолдануға болмайды. Сондықтан осы ұғымды жас өспірімдердің ішінен тек жеткіншектер мен ересектерге ғана қолданып отырмыз. 

«Азамат» деген терминнің психология ғылымындағы өзіндік сипаты ерекше мағынада айтылады. Мысалы, психикасы жағынан мүгедектерді не өз беттілігі жоқ жағымпаз дамды психологтар «личность» деген ұғымға жатқызбайды, сондықтан осы ұғымның баламасы «азамат» деп алып, осы мағынаға өзбеттілігі бар, біреудің нұсқауынсыз өздігінен шешімге келетін адамды жатқызамыз.

Азамат дегеніміз қоғам қатынасының жемісі. Осылай деп анықтамм беру азамат қасиеттері баланың есею өміріндегі әлеуметтік қатынастың жемісі.

Азаматтық – адамның ынтасынан, еркіндігінен, мінезінен байқалады. Кәсіптік азамат – бұл субъект, ол мынадай мәселелерді өздігінен қарастырады: қандай мамандықты таңда қажет, өзі кім екенін, өзі неге жарамды, одан қоғам не күтетінін.

Мектепте кәсіби бағыттың субъектісінің ролін барлық педагогтар атқарады, олар: мектеп директоры, оқу жұмысының меңгерушісі, класстан (мектептен) тыс организаторлар, пән мұғалімдері, сынып мұғалімдері, секция организаторлары, дәрігер т.б. Кәсіби бағыттың жүргізудің объектісі І-ХІ сынып оқушылары. Мектепте кәсіби бағыт мынадай компетенттерден байқаладф: кәсіптік даму, оқушылардың ынтасы, кәсіптік консультация, кәсіби адаптация. Осы жүйеліктер өзіндік міндет атқарады. Мысалы, егер оқушы  мамандық таңдауда қиналса (денсаулықтық немесе психо-физиологиялық жағдайларда), ол квалификацияландырылған көмек алады, оны «кәсіби бағыт» орталығынан алады. Мұнда қажетті кәсіби консультациялар өткізіледі. Кәсіби бағыттық мәселелерге байланысты мектеп оқушыларының ата-анасымен де жұмыс атқарылады. Кәсіби бағыттың мақсатына мектепте арнайы консультациялар өткізіледі, олар: әңгімелесу, лекциялар, диспуттар, конференциялар.

Жоғарғы сынып оқушылары өздігінен өмір сүру жолында тұр. Божович Л.С. айтқандай осы мәселе жаңа әлеуметтік жағдайлардың  дамуына ықпал етеді.

Жоғарғы сынып оқушыларында өзіндік тану қалыптасып, өмірлік жолын таңдау ең бірінші мәселе болып саналады. Мамандықты таңдау оқушылардың психологиялық орталық дамуы болып саналады. Божовичтің айтуы бойынша жоғарғы немесе оқушылары «келешекте дұрыс қарайтын адамдар». Жоғарғы сынып оқушылары жасөспірімдерге қарағанда келешекке мүлдем басқаша қарайды, мысалы, «Білім алсаң ғана дұрыс адам баласы боласың».

Жоғары сынып оқушыларының кәсіп таңдауы.

Өзіндік еңбек өміріне көшу келешегі әсерімен жоғары сынып оқушылары үшін жастарына тән болашаққа бағыттылық қалыптасады.Жоғары сынып жасы – бұл өзінің еңбектік жолын күрделі іздеудің, өзінің болашақ кәсібін белгілеу ұмтылысы пайда болғандағы өзін өмірлі еңбектік анықтаудың шағы. Әдеттегідей, жасөспірім өзінің болашақ мамандығы туралы көп ойланбайды. Әрине өзінің кәсібін бесінші сынып оқушысы да айта алады, бірақ ол жиі өзгеретін кәсіп туралы қиял. Жоғары сынып оқушысының олардан ерекшеілігі өзінің таңдауын дәлелдеп кәсіпті ойланып таңдайды. Олардың көбі өздерінің жеке физикалық және психикалық өзгешеліктерін белгілі кәсіп адамына қойылатын талаптармен (бірақ олар бұл талаптар туралы өте аз құлақтандырылса) сәйкестендіруге тырысады. Нәтижесінде жоғары сынып оқушылары, әсіресе оныншы сынып оқушылары, өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескеріп, нақты кәсіптерін атап, практикалық іске дайын болады. Кәсіптер түрі мыңдаған, бірақ жанама таңдалған ғана, берілген еңбек түріне бейімділігі үйлескенде, оның қоғамдық мәнінің құндылығы және оған қабілеті жағары. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандықты  тез таңдау ерекшеліктері бар. Зерттеу бойынша, жоғарғы сынып оқушыларында мамандықты таңдау нақты, елеулі түрде өтеді, бірақ сенбеушілік те болуы мүмкін. Ол бірнеше мамандықтар бір уақытта ұнаған кезде байқалады. Мамандықты таңдауда басқа адамдардың пікірлері де әсер етеді: оқушы өзі бір мамандықты, әке-шешесі екінші бір мамандықты, достары үшінші бір мамандықты көздейді. Жоғары сынып оқушыларында мамандықты таңдау уайымды мәселе болып саналады, сондықтан олар өз қатарластары мен үлкендермен ақылдасып, сөз бөлісіп отырады. Сол сияқты мамандықты таңдауда жоғарғы сынып оқушылары мамандығына сай пән тақырыптарына көп көңіл бөледі.

Жоғарғы сынып жастары – физикалық дамудың басты жолы. Физикалық даму ол мамандықты таңдауда елеулі орын алады (еңбекте, спортта – жақсы қылықтары).

Кәсіби мамандықты таңдауда мектеп оқушыларында жоспар өте үлкен роль атқарады, мұнда ай және апта бойынша нақты жұмыстар қарастырылады. Бұл жоспар, біріншіден, информацияға толы, екіншіден мақсат, шарттар бойынша анықталу қажет, үшіншіден нақты талду жасалған.

Сол сияқты кәсіби маман бағыттауда мектептерде белгілі бір кәсіпорындармен келісімге отырады. Мұнда оқушылар практиканы өтеді, топтық қатысушылық (сынып-бригада) жүргізіледі.

Бұл оқушылар көптеген мамандықты жақсы бағалайды. Белгілеп қояйық, оқу бітіре салысымен өздері мамандықты нақты таңдамайды.

Психологиялық зерттеулер бойынша көптеген оқушылар мамандықты таңдуда қателеседі, өздері қалаған мамандықты таңдамайды. 

Даму шарттары

Дамудың екі нұсқасы кездеседі. Біріншіден - бұл өзін өзі реттеудің жоғарғы деңгейі арқылы жақсы бақыланатын тез, секірмелі өзгерістер. Жоғарғы мектеп оқушылары өзінің өмірлік мақсаттарын ерте анықтап, оларға жетуге табандылық танытады. Алайда жоғары ырықтылық, өзіндік дисциплина кезінде оларда рефлексия мен эмоционалды сфера нашар дамиды. Тағы бір нұсқа - бұл өмір жолын ауыр іздеулермен байланысты. Бұндай балалар өзіне сенімсіз болып келеді және өзін түсінбейді. Рефлексияның жеткіліксіз дамуы, терең өзін өзі танудың болмауы бұнда үлкен ырықтылықпен өтелінбейді. Бұндай балалар импульсивті, өз қылықтары мен қатынастарындағы жоспарсыздық, жауапкершілігі жеткіліксіз болып келеді. Жиі кездері олар ата-аналарының құдылықтарын қабылдамайды.

Ерте жасөспірімдік шақта даму динамикасы бірқатар шарттарға тәуелді. Біріншіден - бұл өзін өзі анықтау процессіне елеулі әсер ететін маңызды адамдармен қарым-қатынасу ерекшеліктері. Жеткіншек жастан жасөспірімдік