"Оқу жетістіктеріндегі оң және қолдаушы оқу ортасын құру ерекшеліктері" тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқу жетістіктеріндегі оң және қолдаушы оқу ортасын құру ерекшеліктері" тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары
21
декабрь
2023

"Оқу жетістіктеріндегі оң және қолдаушы оқу ортасын құру ерекшеліктері" тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары

"Оқу жетістіктеріндегі оң және қолдаушы оқу ортасын құру ерекшеліктері" тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары

Күні: 21.12.2023   сағат: 10:00

Қатысқаны: 38 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Семинардың ашылуы. Алғы сөз.
  2. «Біз біргеміз» психологиялық тренинг. Бегдилова Толғанай Серикқызы «Жаңашаруа орта мектебі» КММ педагог-психологы.
  3. Особенности формирования жизнестойкости и совладения с трудными жизненными и стрессовыми ситуациями несовершеннолетних в школьной среде. Старикова Оксана Алексеевна «Х.Бижанов атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологы.
  4. Ата-аналарды қолдау бойынша психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары. Сунурова Гульназ «Малыбай орта мектебі» КММ педагог-психологы.
  5. Оқушылардың іс-қимыл әрекетімен бірізділікті, тепе-теңдікті сақтауға және ұсақ моторикасын дамыту арқылы есте сақтау қабілеттерімен сөйлеу тілін қалыптастыру. Курманжанова Гулзира Улдахановна «Жаңашаруа орта мектебі» КММ арнайы маман.
  6. Концерттік бағдарлама.
  7. Семинарды қорытындылау. Лоторея. Кері байланыс.

ТЫҢДАЛДЫ

    1.Семинардың ашылу салтанатында сөз Алматы облысы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Таубаева Ақтолқын Қазизқызына берілді;

Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Мукашева Айгерім Ынтымаққызына берілді: Жаңашаруа орта мектебінің директоры Азнабакиева Алия Адилбековна жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

    2.«Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологі Бегдилова Толғанай сөз кезегін алды. Психикалық денсаулықтың психологиялық аспектісі баланың ішкі дүниесіне, яғни оның өзіне, өз күшіне сенімділігі немесе сенімсіздігіне, өз қабілеттерін түсінуіне, адамдарға, қоршаған дүниеге, қоғамдағы оқиғаларға, өмірге қатынасына зейін салуды талап етеді. Психологиялық тренингтерді жаттығулар жүйесі арқылы жеке тұлғаның психологиялық денсаулығына, өзін-өзі тану үрдісіне және қарым-қатынас жасау позициясына оңды психологиялық әсер ететін әдістерді қолданамыз.

    Емтихан, тест алдында оқушылар қатты уайымдайды, мазасызданады, өздеріне деген сенімдерін жоғалтып жатады. Бұл тренинг оқушылардың өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез-ерекшеліктерін қалыптастыру, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру мақсатын көздейді. 

    Тренингтің мақсаты: 

   Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзіне-өзі сенімді, жауапкершілікті қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру. 

    Міндеттері: 

   -Тренингті өткізу тәсілін шеберлікпен ұйымдастыру;

  - Өз мінез-құлқының реакциясын, ерекшелігін, қатынасын, қажеттілігін түсіндіру;

  - Өз мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарына  тиісті түзетулер енгізу;

  - Адамгершілікке, өзара силастыққа және өзін-өзі тануға тәрбиелеу.

  - Көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Тренингтің ережесі:
 1. Ашық қарым-қатынас; 
 2. Көтеріңкі көңіл-күй; 
 3. Бір-бірін тыңдау; 
 4. Қазір және осында.

    Көрнекті педагог В.А Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген екен. Осы сөздерді негізге ала отырып бір ойын ойнап жіберсек.

«Кім жылдам» ойыны

    Мақсаты: Қатысушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

    Барысы: Ортаға 10 қатысушы шығарып, екі топқа бөлеміз. Әр топ қатысушысы кезекпен ортада берілген тапсырманы орындауы тиіс. Қай топ бірінші болып бітеді, сол топ жеңімпаз атанады. Тапсырмалар: 1-қатысушы ортада берілген стақандарды бір қолмен ғана жинап шығады; 2-қатысушы жиналған стақандардың ішінен соңғы стақанға жеткенше орындарын ауыстырады; 3-қатысушы стақандардан пирамида құрастырады; 4-қатысушы пирамиданы бір қолмен жинайды; 5-қатысушы стақанды алдында берілген бөтелкеге партаның ұшына қойып лақтыру арқылы кигізуі тиіс. 

     Ойынға қатысушылардан өз ойларын сұрау: Ойын несімен қызықты өтті? Ойын барысында не сезіндіңіз? Берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алдым деп ойлайсызба?

«Нысананы дәл табу» ойыны

Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру. Ақпаратты дәлме-дәл жеткізу дағдысын дамыту. 

    Барысы: Ортаға қатысушылар шақырылады. Бір қатысушы жүргізуші, қалғандары орындаушылар. Ортаға бөтелке қойылады. Қаламды жіпке байлап, әр жіптің ұшы орындаушыларға беріледі. Орындаушылар дөңгелене шеңбер құрып, артқарап жүргізушінің нұсқауымен ортадағы қаламды бөтелкеге дәл кигізулері керек. 

    Жаттығу барысы ұнады ма? Жаттығу қиын болды ма? Алға қойған мақсаттарыңызға жете алдыңыздарма? Жүргізуші ретінде ең қиыны не болды? 

       РЕФЛЕКСИЯ: Флешмоб билетті.

    3.Старикова Оксана Алексеевна «Х.Бижанов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы «Особенности формирования жизнестойкости и совладения с трудными жизненными и стрессовыми ситуациями несовершеннолетних в школьной среде» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

    4.«Малыбай  орта   мектебі » коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінің педагог-психологі Сонурова Гульназ Шярдиновна сөз алды:

 «Ата-аналарды қолдау бойынша  психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары» «Әкелер клубі » тұралы сөз бастады.

Әкелер кеңесінің ережесі

1.    Жалпы ережелер

1.1. Мектеп Әкелер кеңесінің ережесі ҚР «Білім беру» Заңы, ҚР «Бала құқығы» Заңы, ҚР «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» Заңдарын негізге ала отырып жасалды.

1.2. Әкелер кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілерімен іске асады.

1.3. Әкелер кеңесі мектептің ата-аналар жиналысының бөлімі болып табылады. 

2.    Мақсаты мен міндеттері

2.1. Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.

2.2. Өз қызметінде Әкелер кеңесі келесі міндеттерді шешеді:

2.2.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.

2.2.2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау

2.2.3. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.

3.    Әкелер кеңесінің құзіреті

3.1 Әкелер кеңесі құзіретіне кіреді:

-         оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;

-         өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, оқушылармен қоғамға жат әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсініктеме жүргізу;

-         педагог қызметкерлерге ішімдікке, темекі тартуға, қоғамға қарсы жат мінез құлықтар көрсетудің алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек көрсету;

-         кеңеске жергілікті басқару мекемесінен, қоғамдық ұйымдардан өкіл, жеке кәсіпкерлерді, бұқаралық ақпарат қызметкерлерін шақыру. 

 «Әке бағыт –бағдар беруші» атты жаттығу  ойнатылды.   Жаттығуға 10 қатысушы шықты , алдында тұрған 9 қатысушының көзі байлаулы болады. Артындағы 1 қатысушы көзі ашық   бағыт беріп , 9 қатысушыны деген жеріне   қауіп-қатерсіз жеткізуі керек. 

«Өз балаңызды  танисызба ?» сұрақтар көбелектерге  жазылған, қолшатырға  байланған, сол сұрақтарды алып , жауап береді. Сөзінің  соңында барлық  қатысушыларға «Жақсы  адамдарым» әнін караоке айтқызды. 

    5. Оқушылардың іс-қимыл әрекетімен бірізділікті, тепе-теңдікті сақтауға және ұсақ моторикасын дамыту арқылы есте сақтау қабілеттерімен сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатында  Курманжанова Гулзира Улдахановна «Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы маманы оқушылармен қолөнер жұмысын көрсетіп, оқушылармен «Париж» биін көрсетті.

    6.«Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары мен қызметкерлері концерттік бағдарлама көрсетті.

    7.Семинарды қорытындылау мақсатында сөз кезегі Таубаева Ақтолқын Қазизқызына берілді. Ақтолқын Қазизқызы жылы лебізін білдіріп, өзінің пікірін білдірді. «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысы жайлы кішігірім түсініктеме беріп кетті. Сөз соңында педагог-психологтарды мақтау қағаздарымен марапаттады. Старикова Оксана Алексеевнаға Мақтау қағазы мен медаль берілді. Оспан Аңсагүл Жансерікқызы облыстық алғыс хатпен марапатталды. Келесі сөз Мукашева Айгерім Ынтымаққызына берілді. Педагог психологтарға жылы лебізін білдіріп, аудандық мақтау қағаздарымен марапаттады. Бегдилова Толғанай Серикқызы, Бурабаева Гульмира Адилбаевна, Құрманжанова Гүлзира Улдахановна және Сонурова Гульназ Шярдиновна алғыс хатпен марапатталды. Манапбаева Альфия құрмет грамотасымен марапатталды. Жаңашаруа орта мектебінің ұйымдастыруымен психологтардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында  лоторея ойнатылды. Сөз соңында Халима апай кері байланыс берді: «Психологтарды алда келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып творчестволық табыс тілеймін және де сөз кезегі берілген соң ұсыныс айта кетсем. Таубаева Ақтолқын Қазизқызы және Мукашева Айгерім Ынтымаққызы бізге АРТ терапия және Маккарта бойынша курстар керек» - деп жылы лебізін айтып пікірін аяқтады. 

Қорытынды: Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзіне-өзі сенімді, жауапкершілікті қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру мақсаты орындалды. Педагог-психологтар маңызды ақпараттар алып мерекелік көңіл-күймен тарқасты.