"Ауған соғысына 35жыл" » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауған соғысына 35жыл"
16
февраль
2024

"Ауған соғысына 35жыл"

Анықтама


Күні: 16.02.2024 жыл

Тақырыбы: "Ауған соғысына 35жыл"

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Кітапханашы: Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт. «Ауғанстан - жүректегі жара» демекші 15 ақпан 1989 жылы талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндеттіміз.

«Білейік, танысайық!» кезеңі. Ауған соғысы туралы мәліметтер - 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы : Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. - 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. - Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. - Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000–ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000–дайы мүгедектер қатарында.

  Қазіргі уақытта өзіміздің Жаңашаруа ауылында да ауған соғысының ардагерлері бар.Ол кісілерді шақырып қысқаша ауған соғысы туралы мағлұмат алдық, оқушылар зейін қойып тыңдады. Отанға деген сүйіспеншіліктері артып, шетінен сұрақ қойып, көп нарсеге көз жеткізді десекте болады.