"Баланың мектепке баруға байланысты туындайтын қиындықтары" » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Баланың мектепке баруға байланысты туындайтын қиындықтары"
01
сентябрь
2023

"Баланың мектепке баруға байланысты туындайтын қиындықтары"

«Алматы облысы білім басқармасының 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 

«Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ата-аналар жиналысы


2023-2024 оқу жылы

Күні: 29.08.2023   сағат: 14:00

Қатысқаны: 22

Педагог-психолог Бегдилова.Т.С

     1.«Баланың мектепке баруға байланысты туындайтын қиындықтары» психологиялық кеңес, баяндама;

    Бүгінгі күні баланың мектепке даярлығы мәселесі барынша өзекті болып отыр. Бұл мәселенің өзектілігі балалардың (5-6 жастағы) мектепке дейінгі білімнен мектепте жүйелі оқуға көшу кезеңінде байқалады. Бұл Қазақстан Республикасында «Білім туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, балаларды 1 сыныпқа алты жастан қабылдауға қатысты норманың күшіне енуіне байланысты. Осыған байланысты балалары 1 сыныпқа баратын ата-аналарды әдістемелік және психологиялық қолдау қажеттігі туындап отыр. Бұл мәселедегі ата-аналардың қобалжуы өте орынды себебі бала мектепке қандай дайындықпен нені біліп баруы керек осының барлығы ата-аналарды толғандыратын мәселелер. Осы мәселе бойынша ата-аналардың жан-жақты хабардар болуы әлі де жеткіліксіз. Оның бірінші себебі ата-аналардың өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап беретін пайдалы ақпараттарды алуға үнемі уақытының болмауына байланысты. Осы құралдың мақсаты – баланың мектепте оқуға дайындығы бойынша ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету.

    Міндеттері:

- ата-аналардың құзыреттілігін арттыру;

- балаларды тәрбиелеуге ата-аналарды тарту (оқуға ынтасының артуы, қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру және т.б.);

- баласы мектепке баратын кездегі ата-ананың қобалжу деңгейін төмендету.

    Баланы мектепке даярлауда отбасының ересек мүшелері ата-ананың да тәрбиешінің де мұғалімнің де міндеттерін атқаратын болғандықтан мұнда ата-ананың рөлі өте маңызды.

    Әдістемелік құрал кеңес беру материалдарын, көбінесе қойылатын сұрақтарға жауаптарды, танымдық процестерді (есте сақтау, зейін) дамытуға ойындар картотекасын қамтиды.

Күтілетін нәтижелер:

- баланың мектепке оқуға танымдық және тұлғалық даярлығы қалыптасады;

- ата-аналардың белсенділігі артады;

- баланы мектепке даярлауда ата-аналардың білім деңгейлері кеңейіп, құзыреттіліктері артады.

    Отбасы мектеп жасына дейінгі бала үшін оның өмірін қоғамдық ортамен байланыстыратын негізгі және бірінші буын. Отбасындағы дәстүрлер ондағы болашақ мектеп оқушысының баланың орны, отбасы мүшелерінің оған қатысты тәрбиесі осыған барлығы тәуелді. Көбінесе баланың мектептегі сәтсіздіктері, олардың ұжымға енуі, оқығысы келмеуі немесе оқи алмауы ата-аналардың қателіктерінің нәтижесі болып табылады. Ата-аналар бастысы баланың материалдық қамтамасыз етілуіне басты назар аудара отырып, оның кітап оқуға деген қызығушылығының қалыптасуына, баланың сөйлеуінің дамуына, еңбекке,

еңбекті сүюге психологиялық дайындығына аса мән бермейді. Осының нәтижесінде балада білімге деген жағымсыз қатынас қалыптасады.

    Мектепте оқуға табысты бейімделудің шарты баланың физикалық және атқарымдық даму деңгейі, оның денсаулық жағдайы болып табылады. Әлсіз бала тез шаршайды, оның жұмыс істеу қабілеті төмендейді де оқу жүктемесі ол үшін қиын болып көрінеді. Балаларды мектепке даярлауда олардың күн тәртібіне ерекше назар аудару қажет. Егер сіз балаңыздың қатты шаршағанын, кешке қарай сылбырлық танытып немесе жүйкесі жұқарып, көңіл күйі болмай тұрғанын сезетін болсаңыз оның күн тәртібін дұрыс ұйымдастырсаңыз алдында балаңыздың бойынан байқаған жағымсыз белгілердің ғайып болғанын аңғаратын боласыз.