«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
14
март
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Анықтама

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

 «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Міндеті: «Кітап-ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» деп бекер айтпаған. Кітап оқу-адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау-қоғам дамуының   басты міндеттерінің бірі.

   «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда , Жаңашаруа орта мектебі кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.

Мақсаты: Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болуда. Алдағы уақытта оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы тұлғалық болмысын дамыту үшін жаңаша жетістіктерге жетелейтін көркем әдебиеттер мен ғылыми әрі танымдық кітаптарды жиі оқуды тұрақты дәстүрге айналдырса, уақыттың үдерісінен табылары даусыз. Бұл – қазіргі кездің ең басты талабы.