"Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері" » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері"
01
сентябрь
2023

"Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері"

«Алматы облысы білім басқармасының 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 

«Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ата-аналар жиналысы


2023-2024 оқу жылы

Күні: 31.08.2023   сағат: 14:00

Қатысқаны: 10

Педагог-психолог Бегдилова.Т.С


«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» баяндама.

    Психологиялық аспект үш компонентті қамтиды: зияткерлік дайындық, тұлғалық және әлеуметтік, эмоциялық-ерік. Мектепке зияткерлік дайындығы:

- бірінші сыныпқа барғанда баланың белгілі бір білім қорының болуын;

- бала кеңістікте бағдарлана алады, яғни мектепке, дүкенге барып келетін жолды білуін;

- бала жаңа білім алуға ұмтылуы керек, яғни ол білуге құмар болуын;

- есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту жасына сәйкестігін қамтиды.

    Ата-аналар балалардың мектепке зияткерлік дайындығын заттар мен олардың қасиеті туралы ұғымдарды білуімен қатар ең алдымен баланың ынтасына назар аудару қажет.

    Тұлғалық және әлеуметтік дайындық:

- баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасай білуін; қарым-қатынаста ашуға берілмеуін, ал басқа баламен жанжал кезінде проблемалы жағдайдан шығуды бағалай және іздей білуін; баланың ересектердің беделін түсінуі және мойындауын;

- төзімділік; бұл баланың ересектер мен құрдастарының сындарлы ескертулеріне сәйкес жауап беруін;

- адамгершілік дамуы, бала не жақсы, не жаман екенін түсінуін;

- бала педагог қойған міндетті мұқият тыңдай отырып, түсініксіз сәттерді нақтылап, қабылдауын, ал орындалғаннан кейін ол өз жұмысын дұрыс бағалауын, егер бар болса, өз қателіктерін мойындауын білдіреді.

    Баланың мектепке эмоционалды-еріктік дайындығы:

- баланың неге мектепке баратынын түсінуі, оқытудың маңыздылығы;

- оқуға және жаңа білім алуға қызығушылықтың болуы;

- оқу бағдарламасы талап ететін, баланың өзіне тән емес тапсырманы орындау қабілеті;

- шыдамдылық, белгілі бір уақыт ішінде ересектерді мұқият тыңдау және бөгде заттар мен істерге алаңдамай тапсырмаларды орындау қабілетін қарастырады.

    Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балалардың өте маңызды психологиялық ерекшеліктерін білуі тиіс, олардың әрекетінің негізгі түрі ойын болып табылады, ойын арқылы бала дамиды және жаңа білім алады.

    Барлық тапсырмалар балаға ойын түрінде берілуі тиіс, ал үй тапсырмалары оқу процесіне айналмауы тиіс.

     Бұл сұрақтарға жауаптарды әр бала білуі тиіс

1.Өзінің толық аты- жөнін атау.

2. Қанша жаста?

3. Әкесі мен анасының атын білу ( бар болса).

4. Әкесі қайда және кім болып жұмыс істейді?

5. Анасы қайда және кім болып жұмыс істейді?

6. Ағасы немесе әпкесі бар ма? Олар қанша жаста? Олардың жасы үлкен немесе кіші ме?

7. Сіз тұратын қала?

8. Мекен-жайы

9. Қай елде тұрасың?

10. Сенің мектепке барғың келеді ме? Неліктен барғың келеді? Ұнайды ма?

    Баланың мектепке дайындығы

     Ата-аналар балаларды мектепке дайындаудағы ең бастысы оқу, жазу, санау емес екендігін білулері керек. Мақсаты — жаңа біліктер, таным әдістері, әрекет, қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы балаларды мектепке баруға дайындау.

Негізгі міндеттер:

- мектепке дайындық барысында ата-ананың баламен әріптестік қарымқатынасын орнату және дамыту;

- ата-аналарға өз балаларына, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенуге көмектесу;

- балаларға өзін -өзі басқара алуына және өз қылықтарына жауап беруге көмектесу;

- мектепке дайындық процесінде ата-ананың баламен серіктестік және ынтымақтастық қарым-қатынасын орнату және дамыту;

- ата-аналарға өз балаларына, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенуге көмектесу;

- балалардың мектепке барар алдында ата-аналардың қобалжу деңгейін төмендетуге ықпал ету.

    Балалардың мектепке қызығушылығын арттыру бойынша кешенді дайындық:

- мектепке бару, мектеп мәселелерін талқылау;

- баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен дамытутүзету сабақтары.