1 қыркүйек Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанатты жиын » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 қыркүйек Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанатты жиын
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанатты жиын

«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 1 қыркүйек күні 2021 жылғы 25 тамыздағы 36  қаулысына сүйеніп,санитарлық талаптарды сақтай отырып, "Кел балалар оқылық" атты салтанатты жиын өткізілді. 
Бүгінгі жиын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ғұлама ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналды.
Жиында оқушыларға салтанатты түрде "Әліппе" оқулығы табыс етілді.
Оқушылар мен ата аналар қашықтықты сақтау  үшін мектепке кірер алдында асфальтқа таңба салынды.
Ата- аналар,оқушылар маскамен перчаткамен болды. 
Бірінші сынып оқушылары алғашқы мұғалімдерімен шығып,жиыннан өз орындарына орналасты. Балалар орнына  орналасқаннан кейін,ҚР Мемлекеттік  Гимні орындалды. 
Салтанатты жиын мектеп директоры Азнабакиева Алия Адилбековна мектептің жетістіктерін атап, 2020-2021 оқу жылын аяқтаған 11 сынып түлектерінің үшеуі грант иегері атанғанын айтып, мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді жүрекжарды құттықтауымен жалғасты.
Биылғы оқу жылының ерекшелігінің бірі А Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген "Әліппе" мен "Букварь" пәндерінің қайтарылуы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде "ӘЛІППЕ" оқулығын сынып жетекшілері табыстады. Салтанатты жиын өз деңгейінде өтті.