Мектеп тарихы » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Жаңашаруа орта мектебінің  тарихы


Жер жанаты Жетісудың кез –келген  жері жұмақтың төріндей екенін сол топыраққа табаны тиіп, маңдайын самалына тосқан жанның мойындары хақ.

     Шығыста Шелек, батысында Асы өзендерінің аңғарында, Бақай таудың баурайында орналасқан Жаңашаруа ауылында өзіндік келбеті, өзіндік тарихы бар елді мекен.  

 85 жылдық тарихы бар Жаңашаруа орта мектебі қаншама түлектерді ұшырып шығарды. Елдің ертеңі-ақылды да, дарынды, айбынды да парасатты, білікті де білімді жас ұрпақтың қолында.

  Білім нәрімен сусындап, жаңа өмірге жолдама алғандар бүгінгі күнде ел тұтқасын ұстар азаматтар. Ел үшін елеулі қызмет атқарып жүргендердің арасында Жаңашаруа мектебін бітіріп шыққан азаматтарымыз жетерлік. Ауыл тұрғындары оларды мақтан тұтып, келешек жастарға үлгі етеміз.

 Жер басқанға мәз болма, жерде ізің қалмаса: соны ойламай бос жүрсең


адамдықтың несі сән. Осыны ескеріп ой қозғар болсақ, адам баласының артықшылығын анықтап, өзгелерден өктемдігін өріп ұстап тұратын , күш қуат беретін төрт діңгек -туған жер, ана тілің, аялап өсірген ата-анаң, тарихпен таным. Елдің елдігін ердің азаматтық ажарын айқындар анықтауыштар осылар.

Рухани аштықтан жеке адамның өлмеуі мүмкін, ал бүкіл халықты тұтас алып қарасақ, оның азып тозуы рухани бейшара күйге түсуі сөзсіз. Дәл осы тұрғыдан келгенде туған жерге туын тігіп, ата салтын ұлықтап, кешегіден кен іздеп, бүгінімен ертеңінің келбетін келістірудың жолын рух еңсесін көтеруден іздеуді мұрат тұтып жүрген жандар көп.

Алдыңғы қатарлы дамыған елдің арлы азаматтары қатарына қаржы түсіп, дәулеті артса алдымен жас ұрпаққа көмек қолын созады екен. «Бабалар еккен шынарды, балалары саялайды» демекші саялы бақты аялаған кейінгі ұрпақ ағаларының қамқорлығын ұмытпақ емес, Оған дәлел осы ауылдан, осы мектептен түлеп ұшқан аға буын ағаларымыздың мектеп үйін еуропалық үлгідегі жөндеу жұмыстарынан өткізіп демеушілік көрсеткен азаматтарымыз: Сабиров Бурхан, Ибрагимов Мухади, Қалиасқаров Серікбай, Құрманжанов Ұлдахан. Құрманжанов Мәди, Орынбаев Әділбай, Базаров Қанатбек, Әтежанов Ержан, Досан, Сапар, Көпекбаев Сабит, Бокашов Жаңабай, Алпысбаев Қалижан, Ләйлә, Әбдіманов Әмірхан, Кенжебеков Еділ, Ғалым, Бақыт, Кенжебеков Нәкібай, Серік, Шаметова Айсұлу, Базарбаев Қайратқан, Әбдікенов Айман, Амиров Тұрсынәлі, Шоңқабаев Рыстай, Қожамбердиев Марат, Ракымжанов Ерлан, Аубакирова Шаруан Отарбаев Қали, Секілбаев Жақанбай.

1924 жылы Қазақ АКСР-ның «Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды. Сауатсыз еңбекшіге жалпыға бірдей сауат ашу міндеті енгізілді. Қазақстандағы мәдени өзгерістердің жалғасы 1926 жылы мамырда РХКК «Қазақ АКСР» бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын қабылдау болды. Осы қаулыдан кейін елді мекендерде бірінші, екінші басқыштағы мектептер ашыла бастады.

Қазақстан еңбекшілері арасында сауатсыздықты толық жою ісін ең қысқа мерзімде аяқтау мақсатында 14 желтоқсан Қазақстан Орталық атқару комитетінің реппубликасындағы сауатсыздарды жаппай оқыту туралы декреті жарияланды. Осы декреттің негізінде Жаңашаруа ауылында 1932 жылы бірінші басқыштағы бастауыш сауат ашу мектебі ашылды.  Ол кездегі мектеп үйі қазіргі ескі балабақшаның ауласында орналасқан үш бөлмелі там үй еді. Алғашқы Ұстаз Дәрібаев Қанапия. Алғашқы оқушылары Смағұлов Қадыр, Солтанқұлов Төлеген, Сабырова Зурахан, Күмісжан, Ракымжанова Күлімхан. Кейінен  Семсербаев Жұмақан, Жапеков Аманқожа, Орынбаев Қараш, Жаман деген мұғалімдер сауатсыздықты жою үшін жұмыстар атқарды. Бұл жылдары колхозды Аққыстық Малдыбай деген кісі басқарған. Кейінгі жылдары Өтекенов Қасен, Сырлыбаев Тұрсынбай 1939 жылыдан 1955 жылдар арасында Шоңмұрынов Қыдырбай басқарып соғыс жылдарындағы ауыртпашылықты мойнымен көтере жүріп халық үшін үкітеттің тапсырмасында орындай жүріп, аш-жалаңаш жас балалармен кемпір-шалдарды, елді аман алып шыққан.

1932 -60 жылдары 1-3 сыныптар, 2-4 сыныптар жинақталып екі бөлмеде дәріс алды. Бұл жылдары мұғалімдер қатары Дүйсебаева Кулшария, Еспембетов Құлан, Әбдіқасов Әлімқожа, Жапарқұлова Күмісай, Барманбекова Жамиля, Кенжебеков Әділ, Серғазина Нұржамал, Байқұрманова Күләш апайлармен толықты.

1961-65 жылары мектеп сайдағы Шелек өзенінің жағасындағы «Леспромхоздың» кеңесіне көшіп барды. Бұл жылары мектепті ұлағатты ұстаз Еспембетов Құлан басқарған.

1968 жылы бастауыш мектеп негізінде 8 жылдық мектеп дүниеге келді. Жаңашаруа 8 жылдық мектебі деп аталып қазіргі 5 бөлмелі мектеп үйі пайдалануға берілді. 8 жылдық мектептің директоры болып Тектібаев Бекболат, оқу ісінің меңгерушісі Еспембетов Құлан тағайындалы. Бұл жылдары мектеп ұстаздарының қатарын Қожанова Күлән, Еркенова Күлғайша, Бокиева Күлдария, Шоқантаева Күләш, Бекенова Айнұр сынды ұстаздармен толықты. 8 жылдық мектептің тұңғыш түлектері: ӘлімбаевБақытжан, Базаров Серік, Тушаев Сарсен, Тұрсынбаева Мария, Көпекбаева Алия, Досымбаев Қанат, Әбікенова Айман сияқты түлектер еді.

1974-86 жылдары мектептің тәжірбиелі ұстаз Ибраев Қалихан басқарды. Бұл жылдары Кенжебаев Бегділ, Секілбаев Дүкенбай, Абирова Баршагул, Телғазиева Тоқжан, Медеуова Гулбақыт, Карбузова Айтбүбі, Бокаева Розамен толықты.

1987-88 жылдар мектеп үйінің тарлығы, сол кездегі зама талыбына сай емес деген желеуімен орталау мектеп таратылып, бастауыш сыныптар балабақшамен біріктіріліп, мектеп балабақша болып жұмыс істеді.

Ғасырлар бойы сарыла күткен Тәуелсіздіктің таңы атып, еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы мектебіміз орта мектеп статусын алды. Сол кездегі мектеп директоры Ақшалова Света, оқу ісі меңгерушісі Медеуова Гулбақыт. Орта мектептің алғашқы түлектері: Абдиманова Гулдана, Ажежанов Досан, Солтанқұлов Бақыт, Еспембетов Нұрмат, Білісбеков Досым, Аққұлов Берік, Смағұлова Қализа, Абитжанов Болат, Сейсенбеков Жансейіт, Бақтыбаева Злиха, Оспанова Сания т.с.

1989-1991 жылары мектеп директоры Еспембетов Құлан, 1991-96 жылдары Ақшалова Света, 1997 жылы Секілбаев Дүкенбай, 1997-2000 жылдары Бекқожа Сағымбек, 2000 -2009 жылдары Медеуова Гулбақыт Кеңесқызы мектеп директоры болып қызмет атқарды.

2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абиткожаева Шайнур Алиханқызы басқарып келе жатыр.


Өлкенің халқына суықта пана, өмірдегі барлық жаңалық, жетістік иесі адам. Ендеше адамға көніл бөлу, оқыту, тәрбиелеу, дамыту-әр мемлекеттің басты да басым бағыты, маңызды мақсаты.

Мектеп- болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтатып, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя.

Жаңалықтың негізі-білім. Білімсіз ғылым- ғылымсыз жаңалық болмайды. Жаңалықсыз еш нәрсе өзгермейді, еш мемлекет дамымайды. Жаһан жаңалығын жалпы халыққа жеткізуде, әсіресе жас өспірімдердің бойына сіңіруде елеулі еңбек атқарушы-мұғалім. Сондықтан, мұғалім жетістігін қастерлеп жария ету-ұлағатты ұлықты іс!

85 жылдық тарихы бар мектептен ғылым, ұстаз, инженер, дәрігер, композитор, әнші, кәсіпкер шыққан.

Композитор- Кеңес Алпысбаев

Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, ауылшаруашылықтың үздік қызметкері-Бұрхан Сабырұлы

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артис- Рахымжанова Мәкен.

Облыстық Мәслихат Депутаты, кәсіпкер-Осан Жанкелді

Ішкі істер саласының қызметкері, полковник-Құрманжанов Мәди

Кәсіпкер- Құрманжанов Сәкен

Эстрада әншісі-Тоқашбаев Мұрат

Тарих ғылымдарының кандидаты- Дауталиев Қазыбек

Медицина ғылымдарының кандидаты- Атежанов Досан

Актер- Бақыт Тушаев

Бас геодезист-Таубалдиев Ғазиз

Ішкі істер саласының маманы- Ракымжанов Ерлан.


Мектептегі түлеп ұшқан қарлығаштар нәтижелері мектептің оқыту, тәрбиелеу үрдісінің дұрыс жолға қойылғанының айқын дәлелі. Өйткені олардың әрқайсысы жан-жақты дамып ашылған тұлға деуге болады. Әрқайсысы мектеп қабырғасында өзін-өзі жан- жақты таныта біліп, мемлекетіміздің ғана емес шетелдерде де оқып білім алды. Мәселен:

Қазыбек Дауталиев- ресейде /Москва/

Алихан Балнұр- РУДН /Испания  «Алтын белгі иегері-2007ж»/

Гулнур Дауталиева- РУДН /Новосибирск/


2010-2011 оқу жылында «Алтын белгі» иегері атанған шәкірттеріміз: Ботан Сымбат, Нұрмұханбет Ақерке өз білімдерін дәлелдеп, кәсіп иелері атанды.

Оқушыларымыз спортпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруда мектептен бокс үйірмесін ашып, тринер тағындап, республикалық, облыстық, аудандық жарыстарға қатысуын қамтамасыз еткен ел ағасы Осан Жанкелді Көшімбайұлының еңбегі зор. Бокстан оқушыларымыз Тохтасын Әсет, Тохтасын Айдар, Ботан Айбат, Әріпбек Ақжол, Биғали Нұрлан, Ботан Мирас сынды оқушылар өздерін бірнеше мәрте І ,ІІ, ІІІ –орын иелері ретінде таныта білді.

Жаңашаруа орта мектебі шәкірттеріне үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда мектебіміз барлығымыздың мақтанышымыз.

Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру –мектеп ұжымының  мақсаты, шын жүректі тілегі.

Мектеп ұстаздары облыс, аудан көлемінде танымал мұғалімдері, мектеп педагогикалық кадрларының жетістіктері қуантарлық.  

Биыл қаңтар айында Жаңашаруа ауылының тұрғындарының, ұстаздардың, оқушылардың көптен күткен жаңа мектеп ғимаратының 2018 жылдың 10-қаңтар айында ашылу салтанаты болды.

Мектеп ғимаратының ашылу салтанатына мәжіліс депутаты, балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілетті өкілі Зағипа Яхиянқызы балиева қатысып, мектеп лентасын қиды. Облыстық білім басқармасының бастығы- Жүнісов Даурен, облыстық маслихат депутаты, кәсіпкер, мектеп түлегі, мектептің салынуына қозғаушы болып жүрген Осан Жанкелді Көшембайұлы «Жібек жолы» құрылыс компаниясының президенті Ұлан Абдуали мектеп кілтін табыс етті.

Мектеп 120 орындық, кабинеттері заманауи талапқа сай құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютер сыныбы, мультимедия кабинеттері, химия-биология кабинеттері, ұлдар, қыздарға арналған шеберхана, дәрігер кабинеті және спорт зал , акт залы және асхана бар.

Ауыл балаларының қазіргі техниканың, ғылым мен инновацияның күні туған замаңда білімді,еңбекқор,бастамашыл болуларына толық мүмкіндік туды.

Қазіргі таңда ұжымда 25 мұғалім, 17 кіші қызметкер жұмыс жасауда.

1. Жоғарғы санаттағы мұғалімдер саны – 3

2. Бірінші санаттағы мұғалімдер саны – 10

3. Екінші санаттағы мұғалімдер саны – 3

4. Жас мамандар-9

Білімі: Жоғары -21

             Арнаулы орта білімділер – 4

Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі блім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізуде. Осы орайда мектебімізде де жаңашылдыққа бейімделіп келеді.

Білім ордасының алдына қойған мақсаты – өскелең ұрпаққа жақсы білім, тәлім-тәрбие беріп еліміздің белсенді азаматтарын тәрбиелеу. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектептің 40% мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Ауданымыздағы желілік қауымдастық негізінде магниттік мектептер арасында 2018 жылы 19-наурызда «Жаңартылған білім беру бағдарламасы –өзгерістің алғашқы қадамы» тақырыбында жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,2,5,7 сыныптар мұғалімдеріне арналған аудандық ашық есік күніне арналған семинар өткізілді.

Мектеп психологы Батырбекова Назия психологиялық ахуал тудырып, төмендегі сыныптарда сабақтар өткізілді.

 1 сыныпта «Математикалық наурыз» атты ашық сабақты Билисбекова Нұрбала өткізді.

 2  сыныпта «Бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйрету» атты дүнетану пәнінен Малмакова Айнұр ашық сабақ өткізді.

3 сыныпта «Рухани жаңғыру: «Мен елімнің ертеңімін» атты Адилбекова Бибигул тәрбие сағатын өткізді.

 5 сыныпта «Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу» атты математика пәні мұғалімі Султанова Аманкул Хабылқызы ашық сабақ өткізді.

 5  сыныпта М. Қабанбаев «Бауыр әңгімесі» атты Базарова Роза ашық сабақ өткізді.

7 сыныпта «Есте сақтауды жақсарту әдістері. Жүйке жүйесі жұмысына жағымсыз факторлардың әсері» атты биология пәнінен Аукенова Жазира ашық сабақ өткізді.

7 сыныпта «Тағам құрамындағы қоректік заттар» атты химия пәнінен Нурғожа Дина ашық сабақ өткізді.

Өткізген семинарды қорыту негізінде «Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану» атты мектеп тренері Абдиманова Дина коучингпен қорытындылады.

 Мектептерден келген мұғалімдер өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, осындай шаралардың қазіргі таңда мұғалімдерге көптеген пайдасын тигізетінін айтып,  ұстаздарға алғыстарын білдірді.

Еліміздегі білім саласының уақыт ағымына сай түлеп-түрленіп келе жатқанын мектебіміздегі дарынды оқушылар мен салиқалы мұғалімдеріміздің жемісті жетістіктері дәлелденіп келеді.


Мектеп директоры және география пәні мұғалімі Абиткожаева Шайнур Алиханқызының   жетістіктері:

2015 жылы «Қазбат» жауынгерлік іс-қимылдар және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін «Қазақстан патриоты» медалімен награтталды.

Жас ұрпақты өнерге баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін, Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фаризақыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар арасындағы байқауына сіңірген еңбектері үшін алғыс хатпен марапатталды.

Аудандық «Зерде» ғылыми жоба жарысында тарих, өлкетану пәні бойынша  ІІ-орын алған 5 сынып оқушысы Ботан Мирас марапатталды.

2017 жылы Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігі «Бейбітшілік Әлемі Халықаралық Ұстаздар одағы» «Білімнен қымбат ешнәрсе жоқ» атты ғылыми- практикалық конференциясындағы құнды баяндамасы , ғылыми жобасы үшін Орынбасар Әдемі «Бейбітшілік әлемі» ІІ дәрежелі диплом және төсбелгісімен марапатталды.

<!-