"Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?" атты сауалнама » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?" атты сауалнама
12
январь
2024

"Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?" атты сауалнама

«Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?» сауалнама

Қатысқандар саны: 8

Күні: 12.01.2024 жыл

Мақсаты: Қарым қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.

    Орындау ережесі: Төмендегі сұрақтарға “ия” “кейде” немесе “жоқ” деп жауап беріңіз.

Сауалнама.

  1. Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тұр. Күту сізді шаршатады ма?
  2. Ауру әбден асқынғанға дейін дәрігерге бармай жүресіз бе?
  3. Баяндама жазу хабарлама жасау сияқты іс шараларды орындау сізге қиындық тудырмайды ма?
  4. Өзіңізге таныс емес қалаға іс сапармен баруды ұсынса сіз оған бармаудың барлық әрекетін жасайсыз ба?
  5. Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді қалайсыз ба?
  6. Көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда( жол көрсету, уақытты айту) ашуланасыз ба?
  7. “Әке және бала” мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезеңіндегі адамдардың бір бірін түсінуі қиынба?
  8. Осыдан бірнеше ай бұрын300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыщздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?
  9. Ресторанда немесе асханада сізге сапасыз тамақ берді. Сіз үндемей тарелканы ашуланып сырғытып қоясыз ба?
  10. Танымайтын адаммене жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлессе оны жақтырмай қаласыз. Солай ма?
  11. сізге қай жерде болмасын ( дүкенде, кітапхана, театр кассасында т.б.) ұзақ кезек күту керек болса сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба?
  12. талас тартыс мәселелердің қарастыратын комиссия мүшесі болудан қорықпайсыз ба?
  13. Әдебиетті өнер мен мәдениетті бағалауда сіздің өзіңізге ғана тән піәкіріңіз бар, сіз бөтен пікірлерді ескермейсіз. Солай ма?
  14. Сізге анық мәселе туралы басқа біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, сіз үндемейсіз бе, жоқ турасын айтасыз ба?
  15. Қызметтегі сұрақтар, оқу тапсырмаларын меңгеруде басқа біреулер көмектессе, сіз қысылмайсыз ба?
  16. Сіз өз пікіріңізді (ойыңызды бағалауыңыз) ауызша айтқаннан гөрі жазбаша түрде баяндауды ұнтасыз ба?

 Қорытынды: Оқушылар сауалнамаға белсене қатысты. Жеткілікті уақыт берілді. Сауалнама орындау барысы түсіндірілгеннен кейін оқушылар өздері емін-еркін, ешкімнің қысымынсыз өздері отырып жауап беріп шықты. Оқушылардың қарым-қатынастары жақсы. Бағалау шкаласы бойынша нәтижесінде оқушылардың мінездері ашық, көпшіл, басқалармен қарым-қатынасты дұрыс құра алатындығы анықталды.