Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау 10 "А" сынып » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау 10 "А" сынып
16
январь
2024

Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау 10 "А" сынып


10 «А» - сынып оқушыларынан тұрмыстық-зорлық зомбылықты анықтауға арналаған сауалнама алынды

Қатысқандар саны: 5

Күні: 27.09.2023 жыл


     Бұл сауалнама жасырын түрде, балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу үшін жүргізілуде. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Қатыгездіктің құрбаны болып жүрген оқушылардың бар-жоғын анықтау мақсатында анкета, сауалнама алынды. Сауалнамаға 10 «А» сынып оқушылары қатысты. Сауалнама сегіз сұрақтан тұрды.

  Бұл сауалнама жасырын түрде, балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу үшін жүргізілуде. Сауалнама барысында оқушылар шынайы жауап берді. Нәтижесінде ешқандай оқушы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрмейтіні анықталды. Бұл мәселеге оқушылар жауапкершілікпен қарайды. Сауалнама барысында оқушылардың ата-анасымен қарым-қатынасының жақсы екені көрініп тұр. Бала көбіне кімнен зорлық-зомбылық көруі мүмкін деген сұраққа көбісі «көшедегі, бейтаныс адамдардан» деген жауап жазған. Яғни бұл дегеніміз отбасында емес бөгде адамдардан зорлық көруі мүмкін деп өзінің отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жоқтығын айқындайды. Зорлық-зомбылық жасалған жағдайда кімге жүгінер едің деген сұраққа көбісі ата-анама деп жауап берді. Өз отбасында паналы, сүйікті және ата-анасының қамқорлығында екендіктерін көрсетті. Сауалнама оң нәтижені көрсетті.  

      Педагог-психолог:                            Бегдилова.Т.С