Ерекше білімді қажет ететін оқушымен «Мен қандаймын» атты өзін өзі бағалау анкетасы
Әдістеме «Мен қандаймын ?»
Мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалауын анықтау.
Өткізілу барысы. Жүргізуші кестеде берілген сұрақтар бойынша баладан жауап алады. Әр балаға жеке бланкі даярлану керек. Әр сұраққа уақыт беріледі.
№ | Жеке бастың бағаланатын сапалары | Ия | Жоқ | Кейде | Білмеймін |
1 | Көп білемін | 0 | |||
2 | Қабілеттімін | 1 | |||
3 | Іскермін | 0,5 | |||
4 | Мейірімдімін | 1 | |||
5 | Ақылдымын | 1 | |||
6 | Ұқыптымын | 1 | |||
7 | Тіл алғышпын | 1 | |||
8 | Әдептімін | 1 | |||
9 | Еңбексүйгішпін | 0,5 | |||
10 | Адалмын | 1 |
Нәтижені талдау
Ия-1 ұпай
Жоқ-0 ұпай Білмеймін-0,5 ұпай
Кейде-0,5 ұпай
Баланың өзін бағалауы, ол жинаған ұпайдың жалпы жиынымен анықталады.
10 ұпай-өте жоғары
8-9 ұпай-жоғары
4-7 ұпай –орташа
2-3 ұпай –төмен
1 ұпай-өте төмен«Мен қандаймын» атты баланың өзін-өзі бағалауын анықтайтын сауалнама жүргізілді
Зерттелушілер: 5 сынып оқушысы
Нәтижелерді өңдеу:
Жүргізуші кестеде берілген сұрақтар бойынша баладан жауап алады. Әр балаға жеке бланкі даярланды. Әр сұраққа уақыт берілді.
Сауалнама нәтижесінде оқушы 8 ұпай жинап өзін өзі бағалауы жоғары деңгейді көрсетті. Бұл сауалнама оқушылардың өзін-өзі бағалау және қарым-қатынас және лидерлікті анықтауға арналған әдіс тәсіл болған. Сауалнама нәтижесі жаман емес. Оқушы төменгі дәреже көрсеткен жоқ. Оқушының өзіне өзі деген сенімі мен өзін өзі бағалауы жоғары. Нәтижелер оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленген.
Педагог-психолог: Бегдилова.Т.С