2023-2024 оқу жылына арналған спорттық секциялар кестесі, үйірмелер, факультатив, элективті курстар кестесі » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023-2024 оқу жылына арналған спорттық секциялар кестесі, үйірмелер, факультатив, элективті курстар кестесі
01
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылына арналған спорттық секциялар кестесі, үйірмелер, факультатив, элективті курстар кестесі

Жұмыстық оқу жоспары  бойынша оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 1,2,3,4 сыныптардағы оқу жүктемесі:

1а-сыныптың оқу жүктемесінің инвариантты бөлігінің сағат саны-18,5  вариативті оқу  бөлігі- 1. Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі -19,5 сағат.

Оқушы компоненті (белсенді-қозғалмалы сипаттағы және топтық   сабақтар) «Қызықты математика»  – 1сағат

2а-сыныптың  оқу жүктемесінің инвариантты бөлігінің сағат саны-22,  вариативті оқу  бөлігі – 2 сағат. 

Оқушы компоненті (белсенді-қозғалмалы сипаттағы және топтық   сабақтар) «Логикалық  математика» 1 сағат ; «Домбыра үйренейік »– 1сағат . Мақсаты:  ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, өнерге деген ынтасын арттыру. Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі -24 сағат

3а-сыныптың оқу жүктемесінің инвариантты бөлігінің сағат саны-25,  вариативті оқу  бөлігі – 1сағат. Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі -26 сағат.

Оқушы компоненті (белсенді-қозғалмалы сипаттағы және топтық   сабақтар) – 1сағат.

. «Домбыра үйренейік» 1 сағат. Мақсаты:  ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, өнерге деген ынтасын арттыру

4а-сыныптың  оқу жүктемесінің инвариантты бөлігінің сағат саны-25, вариативті оқу  бөлігі- 1сағат. Оқушы компоненті (Жеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар) – «Логика әлемі» -1сағат. Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі-27 сағат. 

2023-2024 оқу жылында «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізілді.«Жаһандық құзыреттер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдеп нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. 

1.    Курстың мақсаты: жаһандық азаматтық құзыреттерге ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

1) білім алушыларды қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндерімен таныстыру;

2) тұлғаның тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру;

3) білім алушыларда жергілікті, өңірлік, ұлттық, жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдарлары туралы талдамалық бағалау түсінігін дамыту;

4) эмпатия жағдайында басқа адамдардың қажеттіліктері мен құқықтарына тәрбиелеу;

5) мазмұнды және шығармашылық оқыту дағдыларын қалыптастыру.

«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат; 

6 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат; 

7 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат; 

8 - сыныпта-аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат; 

9 - сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Курсты біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

 «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. 

3. Курстың мақсаты: білім алушылардың кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша базалық білім алуы; өз таңдауы үшін жауапкершілікке дағдыландыру және кәсіпкерлік тұрғыда ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; қазіргі нарықтық жағдайларда болашақ дербес қызмет үшін дағдылардың практикалық базасын құру. 

4. Оқыту міндеттері: 

1) білім алушыларда кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қалыптастыру; 

2) кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді көре білуді дамыту; 

3) білім алушыларда қаржылық сауаттылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру; 

4) бизнес-идеяларды генерациялау және оларды кәсіпкерлік қызмет деңгейіне дейін дамыту дағдысына ие болу; 

5) бизнестің өмір сүруін арттыру мақсатында бәсекелестіктің өзгеретін жағдайларында бизнес-модельдеу және бейімдеу дағдыларын дамыту;