5-11 сынып қыздар арасындағы жиналыс
«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-11 сынып қыздар арасындағы жиналыс
№2 ХАТТАМА
2024-2025 оқу жылы
Күні: 29.10.2024 сағат: 15:00
Қатысқаны: 33
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық» баяндама, тренинг
2. Ағымдағы мәселелер
ТЫҢДАЛДЫ
Мектеп психологі Бегдилова Толғанай күн тәртібінде қарастырылатын мәселелермен таныстырып жиналысты ашық деп жариялады.
Психолог: -Қайырлы күн құрметті әріптестер және оқушылар! Сіздердің келгендеріңізге өте қуныштымын.
- «Қызға –нәзіктік, ұлға батылдық» баяндама, тренинг
Мақсаты:
-адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;
- оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;
- нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері: Балалар, бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрып қол ұстасайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды көргеніме өте қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Ендеше біз бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып, салем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді, әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл күй тілейік. Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясында бәріміз бірге қуанышпен ән салайық.
«Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді»
(халық мақалы)
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың гендерлік түсініктерін тереңдету мақсатында қазақтың ділімен ұштасып жатқан халық мақалымен танысуды ұсынады: «Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді». «Мінезді қыз», «мінезге бай» деп қандай адамдарды айтамыз? Мінезі жақсы қыз бен өнерге бай ер бала өз елінің болашағына, халқының келешегіне, мемлекетінің беріктігіне қалай ықпал етеді деп ойлайсыңдар деген тәрізді сұрақтар қою арқылы адами қарым-қатынас, жақсы мінез-құлықтың қоршаған әлемге ықпалы туралы оймен қорытынды жасаймын.
Қазақ қызы туралы ой толғау
Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.
Екі ауылдың арасын жол қосады,
Екі елдің арасын қыз қосады.
Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.
Қызың жақсы болса суда жүзген үйрек,
қызың жаман болса ішіңе тиген түйнек.
Ақылды қыз білімге жүгірер,
ақылсыз қыз сөзге ілінер.
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.
Сергіту сәті: «Кім жылдам»
Оқушылар екі қатарға бір бірлеріне қарама-қарсы тұрады. Орталарына қарандаш қойылады. Жүргізуші дене мүшелерді атағанда сол дене мүшесін ұстайды. Жүргізуші қарандаш дегенде кім жылдам екені анықталады. Бұл сергіту ойыны оқушылардың жылдамдығын, зейінін дамытады.
«Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш.
Уақыты: 10 минут
Барысы: Қатысушылар 2 топқа бөлініп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар
бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Қыз бала үйге жаққан бояу» - 1 топ
«Жақсы қыз біреу келсе есік ашар» - 2 топ
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың оқушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
Жүректен жүрекке. «Сыйлықтар қобдишасы»
Ортаға қобдиша қойлады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиет.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үйлестіріледі. Сонымен қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарың құтты болсын!
Енді ағымдағы мәселелерге көшейік: мектеп формасы, бір бірімен ара-қатынастары, жалпы мектеп ережелері.
11-сынып оқушысы Серік Әмина сөз сөйледі:
-Қайырлы күн баршаңызға. Бүгінгі тақырып бойынша ойымды қоса кетсем деп едім. Жақсы мәселелер көтеріліп жатыр. «Ақылды қыз білім қуар,ақымақ қыз сөзге қалар» деген мақалды түсіндіре кетсем деп едім. Қазіргі заман ақылдылардың, білімділердің заманы. Оқу оқып қана болашағыңды жарқын жасайаласың. Биіктерге көтерілу үшін білімділік аз етеді. Адамгершілік қасиеттерін де жоғалтпауымыз керек. Қанша білімді бола тұра, ақымақтық қылық көрсетіп, мәдениетсіз болған болсақ алған біліміміздің бекер кеткені. Артымыздан сөз қумай, өзімізге алға жетелейтін білім мен адамгершілік қасиеттерді жинайық.
2. Ағымдағы мәселелер. Қыздарға мектеп формасы туралы қатаң ескертулер берілді. Мектеп ережелеріне бағыну керектігі айтылды. Сонымен қатар жеке бас гигиенасы тексерілді. Қыздардың киім ауыстыратын кабинеттерін және шкафтарды ретке келтіру туралы тапсырма берілді. Қыздарға қандай да бір ұсыныстарың немесе шағым арыздарың барма?-деген сұрақ қойылды. Қыздар бір мұғалімнің сабақ өткені, нақты айтсақ айқайлайтыны ұнамайды екен. Ол мұғаліммен жеке сөйлесіп психологиялық кеңес беріледі. Және өздерінің ара-қатынастарын жақсарту үшін «Түрлі түсті кеш» жасайықшы деген ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстарын қабылдап, дайындық жұмыстары жайлы сөздер қозғалды.
Шешім:
Жалпы мәселелер толығымен ашылды. Қыздарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баяндама оқылды. Тренинг сабақ жүргізілді. Қыздар тренингке белсенді араласты. Ағымдағы мәселелер бойынша қыздардың гигиенасы, мектеп формасы, тәртіптері туралы ескертулер айтылды. Жалпы қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы.
Педагог-психолог: Бегдилова.Т.С