"Ғылыми жаңалықтар" атты дебат » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » "Ғылыми жаңалықтар" атты дебат
18
ноябрь
2022

"Ғылыми жаңалықтар" атты дебат

Дебат-шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. Дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Дебат тәртіпке бағынады. Ойыншылар бір-бірін «ханым», «мырза» деп атап, құрмет танытады. Қарсыластың жеке басына тиісуге болмайды. Дебатта уақыт шектеулі. Сондықтан оны дұрыс жоспарлай білу керек. Қатысушы білімді, батыл және әдепті болуға тиіс. Ең бастысы, дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру.
Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортаңыз өзгереді, достарыңыз көбейеді. Сөйлеу мәдениетіңіз қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге  дағдыланасыз. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Үнемі ізденісте боласыз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан,  ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз. "Ғылыми жаңалықтар" атты дебат 7-8 арасында өтті.