Жеткіншектерге психологиялық кеңес
«Жеткіншектерге психологиялық кеңес» жүргізілді
Қатысқандар саны: 17
Күні: 26.09.2023 жыл
Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң, сен сол қиын жағдайдан, өзің қиналмай шығасың.
1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.
2 кеңес. Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта. Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан, тағы да қай жерден, қандай қауіп болуы мүмкін.
3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласың, соны ойла.
4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.
5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды..
6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің ата - анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.
7 кеңес. Ата - ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап салады.
8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашан қорықпа. Қорқыныш сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашан көмек көрсетіледі.
Өз - өзіңді қорғаудың 8 тәсілі
1. Өз пікіріңізді ашық айтудан және бойыңызды билеген көңіл - күйді білдіруден ұялмаңыз.
2. Өз мүмкіндіктеріңіздің шегін түсіне біліңіз. Көбіне Психологиялық типтегі адамдардың қалқан безі жиі ауырады. Бұл адамдар белсенді, ерік - жігерге толы болады, қай нәрседе болсын кемеліне, жеңіске жетуге ұмтылады, және әркімнің басында бола беретін сәтсіздіктерді өте ауыр сезінеді. Өз мүмкіндіктеріңізге сай жұмыс істеңіз, еңбектеріңізге қуана біліңіз, сонда эндокриндік жүйеңізге сызат түспейді.
3. Барлық адамдар үшін жақсы көрінуге тырыспаңыз. Қоршаған адамдардың пікіріне қаншалықты тәуелді болсаңыз және өзіңізге сеніміңіз қаншалықты аз болса, психологиялық тұрғыда соншалықты осалсыз. Басқалардан қолдау күтпеңіз, сонда денсаулығыңыз да тәп - тәуір болмақ.
4. Жақсы ойлар ойлаңыз. Өзіңізде жоқ нәрсені емес, сізде бар нәрселер туралы ойлаңыз. Жоғалған заттарыңыз немесе босқа кеткен уақытыңыз үшін қапаланбаңыз. Осындай адамдар ертерек ауырады.
5. Жиі күліңіз. Адам ағзасында бәрі өзара байланысты болады аздап жымисаңыз болды, миға өмір тамаша деген рефлекстік дабыл түседі. Жүйке жүйесі бұны ішкі органдарға, атап айтқанда қалқан безіне жеткізеді.
6. Қалауыңызша жылаңыз. Ғалымдар мынаны анықтады: көз жасы аурудың алдын алудың және сырқаттың шипасы. Көз жасыңыз мүлдем шықпай ма? Онда бойыңызға жиналған эмоциялық жүк түскенше барынша қатты айғайлаңыз. Ер адамның гүрілдеп дауыс көтеруі қорқытудың амалы емес, бар болғаны әйелдің жылағаны секілді психологиялық жеңілдену әдісі.
7. Таңертең ертерек тұрыңыз. Уақыттың тығыздығынан жұмысқа асығыс жиналып, күйгелектену денсаулыққа нұқсан келтіреді. Сағатыңыздың тілдерін 10 - 15 минут алға қойып қойсаңыз болды, күні бойы жай - күйіңіз де жақсы болады.
8. Оңаша қалуға ұмтылыңыз. Күніне ең болмағанда жарты сағат жалғыз қалуға тырысыңыз. Ірі қала тұрғындарының, әсіресе шағын пәтерлерде тұратындардың басты мәселесі үйде адамның жеке өз орнының болмауы, сапырлаған кісінің көптігі. Алайда аса қажет болса, жеке қалатын жерді табуға болады: тыныш көшелермен серуендеңіз; үйдегілер ұйқыға кеткенде асханада отырып шай ішіңіз; ваннаға түсіңіз. Сонда қалқан безіңіз тыныш, бақытты сәттер үшін сізге риза болады.
Жеткіншектерге психологиялық кеңес жүргізілді. Школьникам 8-кеңес берілді. Оқушылар кеңестерді жақсы қабылдады. Өз-өзін қорғаудың 8-тәсілі айтылды. Көңіл-күйлерін көтеріп, топпен жұмыс істеу дағдыларын арттыру мақсатында «Жұмсақ шеңбер» жаттығуын орындады. Оқушылар берілген кеңестерді, тәсілдерді және жаттығуды жақсы көңіл күймен мұқият тыңдап белсенділік танытып отырды.
Педагог-психолог: Бегдилова.Т.С