"Н.Г Лусканова" әдістемесі » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Н.Г Лусканова" әдістемесі
09
ноябрь
2023

"Н.Г Лусканова" әдістемесі

«Н.Г.Лусканова» әдістемесі

Қатысқандар саны 16                            Күні: 09.11.2023 жыл


«Жаңашаруа орта мектебі» КММ 5-сынып оқушыларымен тест жүргізілді. Жалпы бала саны-17. Тестке қатысқандары 16. Бір оқушы ауырып сабақтан сұранып кетті. Сынып арасындағы қарым-қатынас өте жақсы. Преподавателимен ара-қатынасы жақсы. 

5 сынып оқушыларының тестілеу қорытындысы 

Сынып жетекші: Бокашова.М.Ж

10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап – 0 балл, бейтарап – 1 балл, оң жауап – 3 балл).

 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 

20 – 24 балл ортаңғы норманы, 

15 – 19 балл ішкі мотивацияны, 

10 – 14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс көзқарас, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Сауалнама сұрақтары:

  • Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?
  • Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келе ме?
  • Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
  • Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнай ма?
  • Саған домтапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
  • Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?
  • Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
  • Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнай ма?
  • Сенің сыныпта достарың көп пе?
  • Сыныптастарың саған ұнай ма?

    Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы – оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.

    Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:

    Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген, мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды, өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды, тапсырмаларды мұқият орындайды, сыныпта жоғары мәртебеге ие.

    Ортаңғы деңгей —  оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді, бағдарламаның негізгілерін меңгереді, тапсырмаларды өзбетінше орындайды, оларды орындауда мұқия, бірақ бақылауды талап етеді, сабаққа қызығушылықпен дайындалады, сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.

    Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс, денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді, көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді, тәртіп бұзады, оқу материалдарын фрагменталды меңгереді, өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді, сабақтарға немқұрайлы дайындалады, бақылау мен көмекті қажет етеді, пассивті, сыныпта жақын достары жоқ.

 13 оқушы – жоғары деңгейді, 2 оқушы – ортаңғы деңгейді, 1 оқушы – ішкі мотивациясының төменгі деңгейде екенін көрсетті. Жалпы мектепке бейімделуі қалыпты деңгейде. Оқушылар өздерін мектепте еркін ұстайды. Мұғаліммен қарым-қатынасы жақсы. Сыныптастары мен басқа балалар араларында қарым-қатынастарында ешқандай кедергілер жоқ. Оқу бағдарламасын өз жастарына сай жақсы меңгеруде.

Ұсыныс:  Ішкі мотивациясының төменгі деңгейін көрсеткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. Сынып жетекшісі, ата-анасы тарапынан қолдау көрсету.

Педагог-психолог:                               Бегдилова.Т.С