Ата-аналар жиналысы » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ата-аналар жиналысы
28
сентябрь
2023

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

Күні: 28.09.2023   сағат: 14:30         Жүргізгендер саны: 1

Ата-аналар саны: 36        Сынып жетекшілер:13             Жалпы саны: 50

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Бала тәрбиесіндегі біртұтас тәрбие бағдарламасы. /Н.У.Курманжанова/
  2. Мектеп оқушыларының оқумен қамтылуы туралы мағлұмат. /З.У.Бокашова/
  3. Мектеп оқушыларының 0-дік бақылау нәтижесі. /Р.Т.Базарова/
  4. «Біз бір ұжым» тренинг. /Т.С.Бегдилова/
  5. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың және буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары. /Н.У.Курманжанова/
  6. Мектептің әлеуметтік паспорты және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы. /Ж.А.Аукенова/
  7. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы. /А.А.Бексултанова/
  8. 1-11 сынып жетекшілерінің мәлімдемесі. /Сынып жетекшілер/
  9. Аналар, әкелер кеңесін құру. /Н.У.Курманжанова/
  10. Мектептің жалпы ата-аналар комитетін сайлау, бекіту. /Н.У.Курманжанова/


ТЫҢДАЛДЫ

Бірінші болып мектеп директоры А.А.Азнабакиева сөз кезегін алды. Мектеп директоры жиналысты ашық деп жариялап, өзекті мәселеерді айтып өтті. 

   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.У.Курманжанова «Бала тәрбиесіндегі біртұтас тәрбие бағдарламасы» жайлы мәліметтерін айтты. 

    Екінші мәселе бойынша мектеп оқушыларының оқумен қамтылуы туралы мағлұматты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.У.Бокашова мәлімдеді.                                                                       

    Үшінші мәселеде мектеп оқушыларының 0-дік бақылау нәтижелерін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Т.Базарова мәлімдеді. 

    Төртінші мәселе бойынша мектептің педагог-психологі Т.С.Бегдилова «Біз бір ұжым» атты ата-аналар мен ұстаздармен тренинг өткізді. 

 Педагог-психолог: Бегдилова.Т.С

Тақырыбы: «Біз бір ұжым» тренинг.

Мақсаты : Жиналысқа қатысушылардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеуді дамыту.

Түрі: Психологиялық тренинг сағаты.

Әдісі: Топтық жұмыс, ой бөлісу, пікір алмасу.

Көрнекілігі: Ақ парақтар, фломастер, лента.

Тренинг ережесі:

1.Белсенділікті арттыру.

2.Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу.

3.Бір-бірімізге кедергі келтірмеу.

4.Өз ойымызды ашық айту,өзімізді еркін ұстау.

5.Өзімізге пайдалы нәрсені алу.

6.Жақсы қарым қатынаста болу.

7.Ұялы телефонды сөндіріп қою.

    Психолог сөзі: Қайырлы күн құрметті ата-аналар және әріптестер! Бүгінгі сіздердің психикалық көңіл күйлеріңізді  көтеруге,өз бойларыңыздағы  шығармашылық қабілеттеріңізді  бағалай білуге,өз- өзіңізге құрметпен қарауға, бір -бірімізбен сыйластық қарым –қатынасымызды дамытуға арналаған  «Біз бір ұжымбыз» атты  психологиялық  тренингке қош келдіңіздер! Сергіту сәтіне шақырамын!

1.«Би-билеп топтасу» атты сергіту жаттығуы.

    Қатысушылар музыка ырғағымен әсем әуенге билейді. Музыка тоқтағанда психолог 1 ден 5-ке дейінгі бір санды атайды, сол кезде қатысушылар аталған сан бойынша бөлініп топтасып тұрулары қажет. Жаттығу бой сергітіп көңіл көтерген соң тоқтайды.

2. «Сөзді дұрыс жаз» жаттығуы.

    Мақсаты: топтағы өзара таныстықты арттырып, жағымды көңіл-күйді дамыту.

    Қатысушылар екі топқа бөлініп, ортада тұрған ақ қағазға шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші бір фломастерді жіпке байлап қатысушыларға ұсынады. Бөлек бір қағазға белгілі бір сөз жазып екі топқа ұсынылады. Қатысушылар жіпке байланған фломастерді бірігіп жылжыту арқылы берілген сөзді бірінші болып жазып шығуы керек. Бүгінгі жиналыста ата-аналарға және мұғалімдерге балаларын еркелететін сөз берілген. 

3. «Үш қадам» әдістемесі.

    Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін және өз балаларын жоғары бағалауға дағдыландыру.

    Ата-аналар кезекпен шығып ортада тұрған әріптің біреуін таңдап, сол әріптен басталатын жақсы сөздерін балаларына арнап жерде тұрған іздермен жүру арқылы айтады. Тренингті балаларымызға деген жақсы жағымды сөздермен аяқтаймыз.

    «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» демекші, мына сіз бен біз болып саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеп, сол балаларды биік шыңдарға жетелей берейік. Тәттілерден ауыз тиіп отырыңыздар. Назарларыңызға рахмет!


Бесінші мәселе: мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың және буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.У.Курманжанова баяндама оқыды. 

    Алтыншы мәселе бойынша мектептің әлеуметтік паспорты және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жайлы мәліметті әлеуметтік педагог Ж.А.Аукенова мәлімдеді. 

    Жетінші мәселе мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы жайлы директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Н.У.Курманжанова ата-аналарға ескертулер айтты. 

    Сегізінші мәселе бойынша 1-11 сынып жетекшілері мәліметтерін, хабарландыруларын және бала гигиенасы жайлы, сабаққа келуі жайлы ескертулерін айтты. 

     Тоғызыншы мәселе аналар және әкелер кеңесі 2022-2023 оқу жылында сайланған Т.Телғазиева мен А.Базаров өз орындарында қалатыны жайлы бір ауыздан шешім шығарылды. 

    Оныншы мәселе мектептің жалпы ата-аналар комитетін сайлау және бекіту болып табылған. Ата-аналар комитеті болып К.Смагулова қайта сайланды. Сөз кезегін қол өнер үйірмесін жүргізетін қолөнерші А.Базаров алды. Үйірменің оқушыларға пайдасы жайлы және ата-аналардың көңіл бөліп уақытылы балаларын үйірмеге жіберуі туралы сөз қозғалды. Соңғы сөз кезегін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.У.Курманжанова алды. Ата-аналардың қосар ойлары мен айтар ұсыныстары тыңдалды.

Шешім:

    Родителям мектептің ішкі тәртібі, оқу процесі, ыстық тамақпен қамтылуы және оқушылардың қауіпсіздігі жайлы мәселелер толық айтылды.

Тренингтің мақсаты бойынша топпен жұмыс жүргізу және көтеріңкі көңіл дағдыларын дамытуы орындалды. Ата-ана мен мектеп ұжымының қарым-қаынастары нығая түсті. Ата-аналар мен мектеп ұжымы тренингке белсене қатысты.

Ұсыныстар: Екі жақтан да толық қанды балаға деген ыстық ықылас бөлу.

Педагог-психолог:                   Бегдилова.Т.С