5-14-қараша каникул күндеріне арналған іс-шаралар » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 5-14-қараша каникул күндеріне арналған іс-шаралар
14
ноябрь
2020

5-14-қараша каникул күндеріне арналған іс-шаралар

Күзгі каникул кезінде оқушылардың күндізгі бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Шара кезінде танымдық, шығармашылық, құқықтық бағыттары бойынша түрлі мағлұматтар алды. Оқушылардың рухани дүниесін байыту мақсатында әдебиет әлемінің сан қырлы шығармашылығымен танысып өтті.
Бастауыш сынып оқушылары арасында ертегі оқу туралы пікір алмасу болды. Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу жұмыстары өтті. Өтірік өлең шығару, шығармашылық қабілетін арттыру. Күз көріністерін сипаттау, жоғары сынып оқушылары арасында «Мәңгілік ел», «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?», «Әдебиет әлеміне саяхат» тақырыптарында ой бөлісу өтті.