"Мұрагер", "Қызғалдақ" атты ұлдар, қыздар ұйымдарының жиналысы » Жаңашаруа орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңашаруа орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Мұрагер", "Қызғалдақ" атты ұлдар, қыздар ұйымдарының жиналысы
29
октябрь
2020

"Мұрагер", "Қызғалдақ" атты ұлдар, қыздар ұйымдарының жиналысы

29.10.2020ж күні Zoom платформасы арқылы ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қашықтықтан қатысуы, құқық бұзушылықтың алдын алуы, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды. Жиналысқа МДТЖО Курманжанова Н.У, АӘД пән мұғалімі Ракышев М.Б, педагог-ұйымдастырушы Бексултанова А.А қатысты. «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыбында баяндамамен танысып, оқушылар өз ойларын айтып отырды.
29.10.2020 ж Zoom платформасы арқылы қыздар жиналысы өтті. Жиналыста қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу жайында жақсы әңгімелер айтылды.